Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3602 0 пікір 29 Мамыр, 2009 сағат 05:54

Жетісу жеріндегі жеті жүлде қазақ ауыр атлеикасын құрлықтық деңгейде алға шығарды

Талдықорғанды апта бойы құрлықтық деңгейдегі спорт додасының дүбіріне бөлеген ауыр атлетикадан өткен Азия чемпионатының жалауы түсіріліп, қорытындысы шығарылды. Жарыстың соңғы күні Алматы облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті құрметті қонақтарға Жетісу жұртшылығының қонақжайлығын тағы да паш етіп, қазақтың ұлттық салт-дістүрлерімен таныстыру мақсатында құрлықтың мұсылман елдерінен келген бір топ қонақты Талдықорған қаласының төрінде орналасқан Жамбыл ауданының қымызханасында қонақ қылды. Оларға қазақтың ұлттық сусындары мен тағамдарынан дәм татырып, ұлт-аспаптары оркестрінің, бишілер мен икүйшілердің тамаша концертін ұсынды. Дәл осы кезде «Өркен» спорт кешенінде ауыр және аса ауыр салмақтағы зілтеміршілер ақ тер, көк тер болып сайысқа түсіп жатқан болатын.

105 келі салмаққа  дейінгілер арасында қазақстандық Сергей Истомин қарсыластарының барлығын қапы қалдырып, алтыннан алқа тақты. Бұл алтын біздің құрамадағы төртінші алтын, жалпы алтыншы жүлде болатын. Ұлттық құраманың жетекшілері осының өзін керемет жетістікке балап, тәубелерін айта бастағанда, жарыс алаңына 105 келіден жоғары салмақтағы алыптар көтерілді. Жалпы ауыр және аса ауыр салмақтарда Иран елінің штангашылары жарқырап көзге түсті. Бұған дейін ешкімге дес бермеген қытайлықтар алыптар арасындағы айқастарда алдан көріне алмады десек те болады. Жастығына қарамастан соңғы жетістіктерімен қуантып жүрген Яков Берх құрлықтық деңгейдегі мықтылар арасында өзін жоғалтып алмады. Қоссайыс қорытындысындағы қол жүлде оның осындай мәртебелі жарыстағы үлкен жеңістерінің алғашқы баспалдағы деп айтуға болады. Өйткені жасы жиырмадан енді асқан штангашыны алда әлі талай дүниежүізілік және құрлықтық додалар күтіп тұрғаны анық.
Артынан белгілі болғандай, ресми емес командалық бәсекеде екі алтын, бір қола жүлде алған қыздарымыз бірінші орыннан көрінсе, өз есептеріне екі алтын мен екі қоланы жазған жігіттеріміз екінші сатыдан көрініпті. Қалай болғанда да, біздің ауыр атлеттер үшін Талдықорған табысты болды. Жетісу жеріндегі жеті жүлде қазақ штангашыларының мүмкіндіктері үлкендігін, болашақтарының жарқындығын байқатты. Олай дейтініміз, біздің құрама сапында сынға түсіп, жүлделі орындардан көрінгендердің ішіндегі ең ересегі 1980 жылғы Татьяна Хромова болса, қалғандарының барлығы жиырмадан енді асқан жастар. Ауыр атлетикада отыздан асқанша табысты өнер көрсетуге болатынын ескерсек, оларды алдарында әлі талаай абыройлы асулар күтіп тұрғаны анық деген батыл болжамды жасқанбастан айта аламыз. Ендігі мақсат – осынау құрлықтық мәртебені әлемдік деңгейдегі бәсекеде де төмендетпеу.
Талдықорғандағы Азия чемпионатына алыс-жақын шет елдерден ат арытып келген мәртебелі меймандардың барлығының жарыстың ұйымдастырылуына жоғары бағасын беріп, Жетісу жерінің қонақжайлылығына разы болып кеткенін көзімізбен көріп, құлағамызбен естідік. Мұның барлығы Қайрат Тұрлыханов бастаған қазақ ауыр атлетика федерациясының жанкешті еңбегі мен мықты ұйымдастырушылығы және Алматы облысы әкімдігінің жанды қолдауы арқасында десек артық айтқандық бола қоймас.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320