Жұма, 22 Қараша 2024
Экономика 6610 0 пікір 25 Қазан, 2015 сағат 02:00

ШОПАН АТА ТҮЛГІН АСЫЛДАНДЫРУДЫҢ ТЫҢ ТӘСІЛІ

Ықылым заманнан қой бағу да ата кәсібіміз болып саналатыны мәлім. Ата-бабаларымыз жөн сұрасқанда «мал-жан аман ба?» деп амандасқан. Төрт түлік мал­дың ішінен қой малына ерекше көңіл бөлген қазақтың «Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл-көсір» деген аталы сөзі тегіннен-тегін айтылмаса керек. Қой малы халқымыздың өміріне арқау, қойдың жүні мен те­рісі кисе киім және баспана болған. Киізбен жабылған үй өте жылы, таза, кеңістігі жайлы. Киіз суықты, ыстықты, суды өткізбейді, тез тұтанып жанбайды, киіз төселген жерге қарақұрт жоламайды. Бұл көшпенді елдің қажетін өтеген. Сондай-ақ, қой етінің өзіндік ерекшелігі де бар. Қазақы қойдың құйрық ма­йын ерітіп ішіп, суық тигенде ем ретінде пайдаланған, суық тиген сәбилерді құйрық маймен сылап емдеген. Қойдың сүті өте майлы, шайға қатық ретінде көп ретте қой сүтін пайдаланған. Осындай құндылығы үшін бүгінде Авс­тралияда, Еуропа елдерінде, Моңғолияда, Қытайда, Канадада қой етінің сапасын жақсартып, көптеп қозы етін экспортқа шы­ғара бастады. Сөйтіп, қой етін көптеп шығарып, сапасы жоғары етпен рынокты қамтамасыз етуге ден қоюда.

Тынышбай ДОСЫМБЕКОВ,

ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы.

Ата кәсібімізді дүниежүзілік стандартқа сай Елбасының агро­кешенді дамыту жөнінде ал­дымызға қойған тапсырмасына сәйкес, «Агробизнес-2020» бағ­дарламасын басшылыққа ала отырып іс жүзіне асырсақ, нұр үстіне нұр болар еді. Жалпы алғанда, республика көлемінде 17 миллионнан астам, Алматы об­лысында 3 миллионнан астам қой малы бағылуда. Алматы об­лы­сында 14 миллион гектар жайылымдық жер бар.

Рас, Кеңес Одағы кезінде Қазақ­с­танда 37 миллионнан астам біркелкілік сақталған отар-отар қой малы болды. Енді өткенді көксемей қой малын өсірудің әл­бетте біркелкілігін сақтай отырып тың жолын іздеу керек. Мәселе біртіндеп шешімін тауып та ке­леді. 2010 жылдан бастап осы са­ланы дамыту туралы өзіндік ойын қорытып жүрген Ұлттық аграрлық университеттің кафедра меңгерушісі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Төлеухан Садықұлов бастаған танымал ғалымдармен, білікті мамандармен ақылдаса келе, ортақ мүддеге ойымызды тоғыстырдық. Республика дәрежесіндегі қой шаруашылығына тиесілі бірінші «қанатқақты» жоба былай тү­зілді. Біріншіден, қойды түрі, жа­сы және беретін төліне қарай бірдейлендіру керек. Екіншіден, бәсекелестікті арттыру уақыт талабы. Үшіншіден әлемдік стан­дартқа сәйкестендіру қажет. Төр­­тін­шіден, өнім сапасын арттырып, өзіндік құнын сақтау, тіпті, арзандатуға қол жеткізу. Сонда жұмыс алға басары хақ. Ол үшін республикамызда қой шаруашылығын біріктіретін палата құру қажет. Палатаның алғашқы жұмысы құрамына кіретін шаруашылықтардағы қой малын сұрыптап, қай бағытта өсіру керектігін белгілеп беру керек. Отарлардағы қошқарлар бөлініп, бағылады. Бұл айтылып отырған жай сөз емес. Кеңес­тік дәуірдің де жақсы жағын ала отырып, уақыт ағымына сәй­­кес­­тендіре, шетелдік сан тәжі­рибеден өткен құралдарды пайдалана, жағрафиялық орналасу ыңғайлылығымызға сай тың қадам жасау деп санаймыз. Кезін­де қой малын ұрықтандыру, төл алу, етке өткізудің де өзіндік жү­й­есі болған. Сондықтан, жаңа­дан құрылатын палата ережесінде мал азығын дайындау үшін ша­бындықтар мен жайылымдық жер­ді ретімен пайдалану да нақтыланған. Ветеринариялық қызмет өз алдына.

Шетелдік инвестормен бір­лесе, кеңесе отырып, әуел­гі кезекте Жетісу жерінен сы­йым­ды­лығы 5 мың бас қой сыятын 3 бордақылау, 3 қой сою пункт­терін салу нақтыланды. Бор­дақы­лауға кіргізілетін қой ма­лының контингентін жыл бойы 75 мың басқа жеткізіп, жайлаудан түсетін қойды қосқанда алғашқы жылы шетелге шығаратын қой басын 100 мыңға толтыру көзделген. 50 тонналық тоңазытқыш орна­ту, 3 дана жиырма тонналық ав­то­­көлік сатылып алынады. Қой жү­нін, терісін өңдеу жұмысына Алматы облысының Райымбек ауданындағы «Қуат ЛТД» және Қаратал, Талғар, Жамбыл аудандары мен Талдықорған қаласында тоқтап тұрған өндіріс орындары қосылады.

Қорыта айтқанда, осынау игі қадам алдын ала тиісті орындар назарына ұсынылып, түрлі дең­гейдегі кездесулер өткізіліп, мақұлданды. Сөйтіп, барлық мәсе­­ле қаражатқа тіреліп тұрған, заманның ағымына сай әрекет еттік. Ғалымдар тарапынан ұсы­нылған ұсыныс билікте отырған азаматтар тарапынан қолдау тап­ты. Өйткені, тың қадам жан-жақ­ты дәлелденді. Нәтижесін уақыт атты төреші көрсетеді. Үміт құрғақ сөзге ғана артылған жоқ. Сенім бар.

Abai.kz

  

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1454
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3217
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5258