ОҚО: МЕМЛЕКЕТ ҚАРЖЫСЫ КЕРІ ҚАЙТАРЫЛДЫ
Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі» мемлекеттік мекемесі жауапкер «Ш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен 256151139 тенге мемлекет пайдасына қаржыны өңдіру туралы талап арызбен жүгінген, - деп хабарлайды Облыс прокуратурасының сотта мемлекет мүддесіне өкілдік ету басқармасының аға прокуроры, кіші әділет кеңесшісі М.Балқыбеков
Істің мәңіне қарағанда, талапкер мен жауапкер арасында 22.08.2012 жылы Шымкент қаласы «М.Әуезов» атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ауласынан 588 орынға арналған жатақхана құрылысын жүргізу туралы мемлекеттік сатып алу туралы келісім шарт жасалған.
Құрылыс жұмыстары 31 желтоқсан 2014 жылы бекітілген.
Алайда, мердігер компания тарапынан тапсырыс берушімен аванс ретінде 256 151 139 теңге аударылғанына қарамастан, келісім шартта көрсетілген міндеттерін орындамаған.
Соның салдарынан мемлекетке елеулі түрде зиян келтірген және студенттерді дер кезінде жатақханамен қамтамасыз етілуіне кері әсерін тигізген.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 3-бабы 1-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы, мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау принциптеріне негізделеді.
АК-нің 272 бабына сәйкес мiндеттеме - мiндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиiсiнше орындалуға тиiс.
Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 3 қыркүйек 2015 жылғы шешімімен жауапкер «Ш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен 256 151 139 теңгені мемлекет пайдасына және 7 684 534 теңге мемлекеттік баж салығын өндіру туралы шешім қабылданған.
Өз кезегінде мердігер компаниялармен мемлекеттік сатып алу туралы келісім шарттар бойынша өз міндеттерін тиесілі түрде орындағандығы абзал.
Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратурасымен мемлекеттік қаржының тиімді жұмсалуы қатаң бақылауға алынған.
Abai.kz