Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 7031 0 пікір 7 Қазан, 2015 сағат 12:46

ҺАУАН ЛАУАЗЫМДЫ - ҚАБАНБАЙ

Маған "Ерасыл Қожақұлұлы неге Қабанбай батыр аталды?" деген сауал жиі қойылады. Қазір де осыған жауап бердім. Сіздермен де бөліссем болар.
Үш түрлі себебі айтылады. 
1. Ел арасындағы аңыз жылқы бағып жүрген Ерасылдың үйіріне қабанбар тиіп, соларды Ерасыл найзамен шаншып тастапты дегенді алдыға тартады. Осы пікірді Қабдеш Жұмаділов те жазды.
2. "Түп- тұқияннан өзіме шейін" деген кітапта Ерасыл қабан секілді, жауға мойнын бұрмай шабады екен деп түйіндейді.
3. Академик Ырымғали Нұрғалиевтің пікірі. Сонау, 1960 жылдардың аяғында ҚазМУ-нің Журналистика факультетіне дәріс берді ағамыз. Менің Алакөл маңынан екенімді білген соң: 
- Қабанбай батыр неге солай аталғанын білесің бе? - деп сұрады.
Мен ел арасынан құлаққа тигенді айттым.
- Иә, аңыз солай дейді. Бірақ аңыздың аты- аңыз. Ал ғылыми тұрғыдан келсек, ХҮІІІ ғасырларға дейін Қазақ Мемлекетінде "Һауан" деген Мемлекеттік лауазым болған. Ол ханнан кейінгі екінші адам - бас уәзір деген мағына берген және Һауан бас қолбасшы болған. Бертін бұл атақ ұмытылып кетті. "Тарқан" дегенді де ауызға ала бермейміз. Мұның да толық мағынасын тап баса алмаймыз, - деген еді.
Бірінші пікір ел арасында әбден орныққан. 
Екінші пікір сын көтермейді. Мойын бұрмай жауға түскен адам, әдетте, садақтың жемі. Ақылсыздың шаруасы. Батыр әр қимылын өлшеп-пішіп соғысады.
Үшінші пікір өз көкейіме қонады. Дұрысы да осы сияқты. 
Сіз қалай ойлайсыз?
Шынында да біздің ұмытып кеткеніміз көп. Мысалы "Өкіреш Шал" деген сөздің екеуі де "ханзада" деген мағына береді екен. Қытайтанушы, Тарих ғылымдарының докторы Бақыт Еженхан "шал" Шыңғысхан тұсындағы найманда ханзада екенін дәлелдеп жазбаса, өзбек Өкіреш наймандары "өкіреш" деген сөздің мағынасын әлі күнге естеріне сақтап, қолданып келе жатқанын соңғы жылдары анықтамасақ бұл да ұмытылар ма еді.

Камал Әбдірахман

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5415