Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3149 0 пікір 4 Маусым, 2010 сағат 10:06

Мұнай және газ министрлігі ілеспе газды шамадан көп өртегені үшін экономикалық шара қолданады

Астана. 4 маусым. ҚазТАГ - Айгүл Түлекбаева. Мұнай және газ министрлігі ілеспе газды шамадан көп өртегені үшін экономикалық шаралар қолданады, деп мәлім етті ведомствоның жауапты хатшысы Қанатбек Сафинов.

«Оны тиімсіз пайдаланатын жер қойнауын пайдаланушылар газды шамадан көп өртегені үшін ақы төлейтін болады.  Немесе оны бірлесіп пайдалану мәселесі қарастырылады», - деді Қ. Сафинов жұма күні журналистерге парламент сенатындағы үкімет сағатында.

Қ. Сафинов кезінде мемлекет газды жою үшін қажет жабдықтарды орнатуға уақыт бергенін атап өтті.

«Бүгін біз атқарылған жұмыс нәтижесін тексеріп жатырмыз. Кейбір компаниялар мәселеге байыппен қарап, газ өңдейтін зауыттар салды, ал кейбір компаниялар өздері үшін қажет екенін айтып, алауларын иіп қойып, суларын жылытып, оны жер қабатына айдай бастады. Олардың қанша газ өртегенін, жоюға қанша жұмсағанын түсінгіміз келеді. Егер сақтамаса, демек жою бағдарламасы орындалған жоқ, ал біз қаржыны мемлекетке қайтару мәселесін қоятын боламыз», - деді Қ. Сафинов.

Оның атап көрсетуінше, министрліктің міндеті «ілеспе газды жай өртеп немесе жою емес, электр қуаты немесе сұйытылған газ сияқты қосымша құны бар өнімге айналдыру» болып табылады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371