БТА банкті сатып алуға жарғылық капиталы $7 млрд-тан астам банктер ғана қатыса алады; бұл тізімге қазақстандық инвесторлар кірмейді – «Самұрық-Қазына» басшысы (толықтырумен)
Астана. 7 маусым. ҚазТАГ - Дина Ермағанбетова. «БТА банк» АҚ-дағы мемлекеттік үлесті сатып алуға жарғылық капиталы $7 млрд-тан астам банктер ғана қатыса алады, деп «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры (ҰӘҚ) басқармасының төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті.
«БТА банк әлі $4,5 млрд төлеуі тиіс, егер біз оны қазақстандық банктерге сататын болсақ, сол күні кредиторларға $4,5 млрд төлеуіміз тиіс. Ол мүмкін емес. Сондықтан қазақстандық банктер бұл мәселеге тіпті де араласа аламайды», - деді ол дүйсенбі күні «AstanaInvest 2010» I халықаралық инвестициялық форумында.
«Жарғылық капиталы $7 млрд-тан асатын банктер де болуы мүмкін, яғни бұл даладан келе салған кездейсоқ банк бола алмайды деген сөз», - деп қосты Қ. Келімбетов.
Оның айтуынша, бүгінге БТА банкті сатып алуға жалғыз үміткер ресейлік «Сбербанк» болуы мүмкн.
«Осы күнге дейін қол үшін созып, бұл мәселені талқылап, моральдық қолдау көрсеткен банк - тек «Сбербанк» . Қалғандарының бәрі (мүмкін боларлық стратегиялық инвесторлар - ҚазТАГ) - жәй әңгіме ғана», - дейді ҰӘҚ басшысы.

«Самұрық-Қазына» онымен бейресми келіссөздер жүргізіп жатыр және ол келіссөздер банк өзінің қарыздарын қайта құрылымдауды 5-ші қыркүйекте аяқтаған соң ресми сипат алатын болады, дей келіп ол, «БТА банкті» «Сбербанкке» сату шешімі тек коммерциялық мүддемен қабылданады, дейді.
«Шешім тек коммерциялық түрде болады. Егер Сбербанкпен уағдаластыққа келе алмасақ, онда басқа инвесторларды іздейміз. Ол аз десеңіз келіссөздер барысында коммерциялық тұрғыдан қызықты ұсыныстар түсіп жатса, екі жақ та бір біріне ренжімейді», - деп атап өтті ол.
БТА банк активтерінің көлемі бойынша қазақстандық банк жүйесінде үшінші орында. ҚҚА мәліметтеріне сәйкес, 2010 жылдың қаңтар-сәуірінде банктің активтері Т1,93 трлн, жеке капиталының дефициті Т1,53 трлн құрады. Аталған кезеңде банктің таза шығыны Т45,4 млрд болды. 2009 жылдың 2 ақпанында банк акцияларының «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының пайдасына мәжбүрлі эмиссиясы туралы жарияланды. 2009 жылдың 20 сәуірінде банк өз кредиторларына негізгі қарыз бойынша төлемдерді тоқтататынын және банктің сыртқы қарызын қайта құрылымдау жоспары туралы мәлім етті.
2010 жылдың 18 сәуірінде «БТА Банк» кредиторлар комитетімен қайта құрылымдау шарттары туралы келісімге қол қойды. Қаржылық институттың баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл келісімде 2009 жылдың 7 желтоқсанында қол қойылып, 2010 жылдың 17 наурызда қол қойылған қайта құрылымдаудың негізгі коммерциялық шарттарына түзетулер туралы келісімге сәйкес түзетілген БТА банкті қаржылық қайта құрылымдаудың шарттары баяндалған. 2009 жылы банк $4 млрд соманың міндеттемелерін өтеуге тиіс болатын. БТА банкті қайта құрылымдау нұсқасы қарыздарды есептен шығарудан банкке $10,3 млрд көлемінде кіріс алуға мүмкіндік береді. Қарыз бойынша дисконт 60-82,25% көлемінде болжанып отыр.