Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3463 0 пікір 7 Маусым, 2010 сағат 08:55

Қызылағаш ауылында телехабар тарату торабы іске қосылды

Талдықорған. 7 маусым. ҚазТАГ - Алматы облыстық радио-телехабар тарату дирекциясының (АОРТД) мамандары жүргізген жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарынан кейін Қызылағаш ауылында эфирлік хабар тарату торабы қайта іске қосылды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

АОРТД өндірістік бөлімінің бастығы Николай Яшковтың айтуынша, Ақсу ауданында болған қайғылы оқиғадан кейін хабар таратуды қалпына келтірудің жоспары жасалды, оған сәйкес, ауылда биіктігі 24 метрлік мұнарадан және температуралық режим мен өрт қауіпсіздігін бақылау жүйелерімен жабдықталған контейнерлік типтегі мобильді жеткізу торабынан заманауи кешен салу қарастырылған.

Н. Яшковтың айтуынша, мұндай контейнерлік станция Ақсу ауданы үшін электрондық ақпараттық кеңістікті кеңейту үшін жақсы негіз болады. «Қазтелерадио» АҚ филиалы болып табылатын АОРТД ауданда үзіліссіз хабар таратуға ерекше назар аудармақ, деді ол.

Ал облыс әкімдігі баспасөз-қызметінің хабарлауынша, наурыз айында су тасқынынан зардап шеккен аудан тұрғындары осы уақытқа дейін спутниктік антенналардан келетін сигналдың арқасында теледидар көріп келген.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371