Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4015 0 пікір 18 Қыркүйек, 2015 сағат 14:26

ҚМГ-ҚӨМ «Самұрық-Қазынаға» өзінің трансформация бағдарламасын таныстырды

Шымкент МӨЗ алаңында «Самұрық-Қазына» АҚ басшысы Өмірзақ Шөкеевтың төрағалық етуімен «ҚазМұнайГаз – қайта өңдеу және маркетинг» АҚ (ҚМГ ҚӨМ) трансформация бағдарламасы бойынша кеңейтілген жиын өтті. Жиынға ҚМГ-ҚӨМ бас директоры Дархан Тиесов, «ПетроҚазақстан ойл продактс» басшылығы, «ҚМГ Глобал Солюшнс Б.В.» ЖШКФ өкілдері қатысты деп хабарлайды «Самұрық-Қазына» баспасөз қызметі.

Д.Тиесов трансформация бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ҚМГ-ҚӨМ- дайындығы туралы хабарлады. «Біздің міндетіміз – «Самұрық-Қазына» әдіснамасын басшылыққа ала отырып, басталған барлық трансформациялық үдерістерді қисынды аяғына дейін жеткізу. Сонымен қатар ҚМГ-ҚӨМ трансформация бағдарламасын бекітіп, нақты түзілген бизнес-процесі, зауыттарда да, корпоративті орталықтың өзінде де жүйеленген түсінікті басқару құрылымы, әлемдік деңгейдегі дамыған ЖЖБ бөлшек желісі бар, еуростандарттарға сай мұнай өнімдерін шығаратын әлемдік МӨЗ деңгейіне жету», - деді Д.Тиесов.

Жиналыс аясында қатысушыларға ҚМГ-ҚӨМ дамуының негізгі жобалары туралы ақпарат таныстырылды. Олардың бірі – мұнай өнімдері нарығындағы тұрақтылықтың сақталып тұруы үшін қажет диспетчер орталығы. Ол әр МӨЗ-дегі мұнайдың жеткізілу және қайта өңделу көлемі, мұнай өнімдерінің импорты, мұнай өнімдерінің қоры, ЖЖБ-дердегі жеткізу және бөлшек сауда көлемі туралы күнделікті ақпарат жинап, оны өңдеп отырады.

Трансформацияның тағы бір бағыты – «ҚазМұнайГаз» брендін, мұнай өнімдерін жеткізу мен сапа стандарттарын сақтай отырып жеке меншікке ЖЖБ-лерді беру. Қазіргі уақытта «ҚазМұнайГаз» желісінің 324 ЖЖБ-сінің 143-і жеке меншікке басқаруға берілген. Бұл жағдайда басымдық шағын және орта бизнес өкілдеріне беріліп отыр. 

Бағдарламаның негізгі басым бағыттары – шығындарды азайту, серіктестердің басқаруындағы ЖЖБ-лердегі сауда көлемін ұлғайту және компания қызметінің айқындығын арттыру. Болашақта франчайзинг схемасын енгізу, яғни «ҚазМұнайГаз» брендімен жеке жанар-жағармай бекеттерін жұмысқа тарту жоспарлануда.

Мұнай өңдеу зауыттарында құрал-жабдықтарды модернизациялаумен қатар бизнес-процестердің реинжиниринг бағдарламасы да іске қосылды. Бағдарламаның мәні – негізгі өндірісті қалдырып, өзге үдерістерді бәсекелеік ортаға шығару. Сонымен қатар МӨЗ-де заманауи технологиялар енгізіліп, өнімдердің жаңа түрлері жарыққа шығуға дайындалу үстінде.

Жиналысты қорыта келе Ө.Шөкеев ҚМГ-ҚӨМ трансформация үдерісінің барынша қарқынды жүріп жатқанын және аталған трансформация тәжірибесінің барлық мемлекеттік қор компаниялар тобы үшін құндылыққа ие болатынын атап өтті.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475