Amnesty International: РЕСЕЙ СИРИЯДА ӘСКЕРИ ҚЫЛМЫС ЖАСАДЫ
Amnesty International өкілдері соңғы бірнеше апта ішінде ресейлік әскери ұшақтардың әдейі түрде бейбіт тұрғындар мен құтқарушыларды шабуылдағанын мәлімдеді.
Sky News телекомпаниясына берген сұхбатында Amnesty International ұйымының дағдарыс бағдарламасының директоры Тирана Хасан ұйым әуе соққыларының мектеп, аурухана және тұрғын үйлерді нысанаға аллғаны туралы дәлелдері жеткілікті екенін айтты.
Хасанның айтуынша ресейлік шақтардың бір жерді екінші мәрте бомбалауының салдарынан бейбіт тұрғындармен бірге, жараланғандарға көмектесуге және өлгендердің мәйіттерін алып шығуға келген гуманитарлық миссия қызметкерлерінің де қаза боп жатқан жағдай жиі кездеседі.
15 ақпанда Алеппо қаласының шығыс бөлігіндегі бомбаның астында қалған тұрғын үйлер туралы бейнежазба шықты. Онда құтқарушылардың ресейлік әуе шабуылдарынан қаза тапқан 5 жастағы баланың мүрдесін үйінді астынан шығарып жатан сәттері көрсетіледі. Марқұммен бірге оның анасы, қарындасы және егіз бауыры да қаза тапты. Және бұл қайғылы жағдай оппозициялық Еркін сириялық әскерінің қарауындағы ауданда болды.
Құтқарушылар өз кезегінде азаматтық нысандар күн сайын әуе соққысына ұшырайтынын, оның ішінде тыйым салынған кассеталық бомбалар мен жарылыс ауқымы өте үлкен (термобарикалық) бомбалардың қолдаанылатынын айтып отыр.
Абай-ақпарат