Сейсенбі, 29 Қазан 2024
Жаңалықтар 3381 0 пікір 19 Ақпан, 2016 сағат 12:57

МҮЛІКТІ ЖАРИЯ ЕТУ: БЮДЖЕТКЕ 3,2 МЛРД. ТЕҢГЕ ТҮСТІ

Мүліктерді жария ету жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияға жалпы сомасы 777,6 млрд. теңгені құрайтын жылжымайтын мүлікті жария етуге 77 482 өтініш (декларациялар) түсті. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Оның ішінде жалпы сомасы 585,6 млрд. теңгеге 65 015 тұрғын үй нысаны, 182,9 млрд. теңгеге 33 342 тұрғын үй емес нысандар, 7 898 млрд. теңгеге 129,1 коммерциялық нысандар бар. 62 624 нысан, бағалы қағаздар және ақша сомасы 494,2 млрд. теңгеге жария етілді. Сонымен қатар, мүліктерді жария ету бойынша салық органдарына Қазақстан аумағынан тысқары, шет елдерде жалпы сомасы 1 млрд 177,9 млн тенге құрайтын 42 тұрғын үй нысанын жария ету бойынша өтініш (декларация) келіп түскен. Оның 1 млрд 125,4 млн. теңгеге 41 нысан мен бағалы қағаздар жария етілді.

«ҚР Ұлттық банкінің деректері бойынша 16 ақпандағы жағдайға сәйкес, екінші деңгейлі банктерде жалпы сомасы 229,6 млрд.теңге ақшаны жария етуге 329 жинақ шот ашылды. Соның ішінде ішінде шоттан шешілгені 137,3 млрд.теңге. Сонымен қатар, мемлекеттік кірістер органына шот ашпау арқылы ақшаны жария ету бойынша декларация түскен жоқ. 17 ақпандағы деректер бойынша мүлікті жария ету үшін ұсталатын алым бойынша бюджетке іс жүзінде 3,2 млрд.теңге түсті», - делінген баспасөз баянында. 

Абай-ақпарат

0 пікір