Сәрсенбі, 30 Қазан 2024
Жаңалықтар 5759 0 пікір 18 Ақпан, 2016 сағат 13:58

"КӨКІЛ" МЕКТЕБІ МҰҚАҒАЛИДЫ ЕСКЕ АЛДЫ

Алматы қаласындағы республикалық дарынды балаларға арналған "Көкіл" мектебінде "Сірә, мен өлмейтын шығармын.. " атты Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдығына арналған поэзия кеші өтті! 
Кешті ұйымдастырушы - мектептің директоры, күйші, өнертанушы, ҚР Мәдениет қайраткері Абдулxамит Ысқақұлы Райымбергенов. Кешке құрметті қонақ ретінде ақынның ұлы, прокуратура қызметкері - Жұлдыз Мұқағалиұлы, Халықаралық М.Мақатаев қорының төрайымы - Баxытгүл Айдарова, Республикалық Ғабит Мүсірепов қорының төрағасы Ғабиден ЖАКЕЙ мырзалар шақырылды!
"Көкіл" мектебі 1994 жылы құрылған, мұнда ерекше дарынды балалар оқиды. 150 оқушыға 60 ұстаз дәріс береді. Білім ордасының қабырғасындағы әр оқушы қазақтың музыка, күй, жыраулар поэзиясымен сусындап келеді.  
Aбай-ақпарат
0 пікір