КҮН -33 ГРАДУСҚА ДЕЙІН СУЫТАДЫ
Синоптиктер Қазақсанда 16-18 ақпан күндері -33 градусқа дейін аяз болады деп болжауда деп хабарлайды Абай-ақпарат "Қазгидромет" мемлекеттік метеоқызметіне сілтеме жасап.
"Қазақстандағы ауа-райын анықтаушы антициклон, циклонның итеруімен Алтайға, Ресейдің Еуропалық оңтүстік-шығыс аумақтарына кетуде. Циклонның келуімен, еліміздің батыс және солтүстік-батыс облыстарында бұлтты, жауын-шашынды, кей жерлерде бұрқасын, 15-25м/с жел мен көктайғақ күтіледі", - делінген хабарламада.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басқа аумақтарының көбінде жауын-шашынсыз. Сонымен қатар солтүстік, орталық және шығыс облыстардың кей жерлеріндегі көріну қашықтығы 500м тұман, 28-33º суық болу қаупі сақталады.
Абай-ақпарат