Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3205 0 пікір 11 Ақпан, 2016 сағат 12:23

САПАРБАЕВ СӨНДІРГЕН ӘКІМ ҮЙІНІҢ ЖАРЫҒЫ ҚАЙТА ЖАНДЫ

Ақтөбе облысы Қайыңды ауылында жарық жиі өшіп қала беретіндіктен өзі де жазаланған Мұғалжар ауданының әкімі Серік Шаңғұтов пен оның орынбасарының үйіне жарық қайта беріліпті, - деп хабарлады 31 арна.

Естеріңізде болса, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев сегіз жүзден астам тұрғыны бар ауылға  10 жылдан бері дұрыс жарық таратпаған аудан әкімі мен орынбасарына жаза ретінде,  олардың да үйіндегі жарықты өшіртіп  тастаған еді. 

Мұғалжар ауданы Қайыңды ауылында он жылдан бері  электр желісі жекеменшіктің қарамағында болып,  жарықтың өшіп қала беретіндігін естіген облыс әкімі Бердібек Сапарбаев дереу сол ауданның әкімі мен орынбасарының үйіндегі жарықты өшіруге бұйрық берген еді. Ал сол күні аудан әкімі  жеке мекемемен келіссөздер жүргізілуде деп ақталған.

 СЕРІК ШАҢҒҰТОВ, Мұғалжар ауданының әкімі:

- Жылу энергия деген мекеме кезінде жекеге алған. Солармен күнде таңертең менің орынбасарым екеуміз айтысып, меншікке бермей тұр. Ылғи саудаласу, арамызда сондай қиындықтар бар.

Бірақ, есепті жиналыстан соң, әкім мен орынбасары үйлеріндегі жарықтың сөндірілуін сұрап, тиісті мекемеге өздері арыз жазыпты. Содан соң, олардың жарықтары қиылған. Бірақ, қараңғыда отыру әкімдерге жаққан-жақпағанын біле алмадық. Ал, Сапарбаевтың өз қарамағындағыларға осылайша жаза қолдану стилін халық  қолдап  отыр.

Осы күнге дейін Қайыңды ауылындағы электр желісіне жауапты болып келген мекеме басшысы осы маусымда жарық тек бес рет сөнді. Оның өзі боран күндері ауа-райының қолайсыздығынан ғана болған жағдайлар. Қазір Қайыңды ауылында жарық бар дейді.

АРМАН ЖЫЛКЕЛДІ ,  «Жеммұнайэнерго» ЖШС директорының міндетін атқарушы:

- Қарастырылып жатыр. Әкімшілік жағынан аудан әкімшілігі жағынан сол сұрақтарға байланысты шара жасап жатыр. Біздің оған қарсылығымыз жоқ. Облыс әкімінің көтерген сауалы дұрыс, біз ешқандай қарсы емеспіз. Қайта ризамыз.

 Бірақ бұл жеке мекеме осы күнге дейін баланста болған желіні белгілі бір сомаға беретіндігін айтты. Енді екі жақ келіссөз жүргізіп, ортақ келісімге келуі тиіс. Ал, облыс әкімінің баспасөз қызметі шенеуніктердің 2-3 күн ғана жарықсыз отырғанын айтты.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502