Бейсенбі, 24 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4264 0 пікір 10 Ақпан, 2016 сағат 17:06

ӘКІМНІҢ ӨЗІ "ЖАРЫҚТЫ СӨНДІР" ДЕП ӨТІНІШ ЖАСАҒАН

Таяуда Мұғалжар ауданы әкімінің есеп беруіне қатысқан Сапарбаев "Қайыңды ауылын 10 жылдан бері электр жарығымен дұрыс қамтамасыз ете алмай отырған Мұғалжар ауданы әкімі мен орынбасарының үйіндегі электр жарығын ажыратып тастау қажет" деген болатын.

Оның мұндай басқару стилі әлеуметтік желіде де қолдау тауып, халықшыл қадам ретінде бағаланды. Алайда бұл шулы оқиға басқаша жалғасын тапқан. Ақтөбе облыстық "Энергосистема" ЖШС бас директорының бірінші орынбасары, осы мекеменің бас инженері Марат Аманғалиев аудан әкімі мен орынбасарының үйінің электр қуаты ажыратылғанын растады. Бірақ оның айтуынша, "олардың үйіндегі электр қуаты облыс әкімінің бұйрығымен емес, аудан әкімі мен орынбасарының өз өтініштерімен өшірілген" болып шыққан.

Халықтан сұрау салған кезде Қайыңды ауылының тұрғындары ауылда электр жарығының жиі сөнетінін растаған.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1428
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2997
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1074
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1003