Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4502 0 пікір 5 Ақпан, 2016 сағат 10:51

"АҚТӨБЕ" ФУТБОЛ КЛУБЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ ШІЛДЕГЕ ДЕЙІН ҚАЗАҚША СӨЛЕ-ГЕ УӘДЕ БЕРДІ

“Ақтөбе” футбол клубының бас директоры Дмитрий Васильев қазақ тілін үйрене бастады. Бұл жайында өзінің Facebook парақшасында Мерей Құпжан мәлімдеді деп жазады Керек-инфо.

Оның айтуынша, олардың мақсаты – шілдеге дейін қазақ тілінде еркін сөйлеу.

“Ресми: «Ақтөбе» ФК бас директоры Дмитрий Васильев бүгіннен бастап қазақ тілінен сабақ ала бастады. Ұстазы - мына мен! Уақытының тығыздығына қарамастан, мемлекеттік тілді үйренуге бел шеше кіріскен ол екі сағаттық бірінші дәрістен тамаша көрсеткіш көрсетуде. Кофесінен дәм татқызған басшыға Димаш деген қазақша ат қойып та үлгердім. Мақсат — шілдеге дейін оны қазақша сайрату. Сәттілік саған, Димаш!”, - деп жазады Мерей Құпжан.

Еске сала кетейік, Васильев “Ақтөбенің” бас директоры болып өткен жылдың желтоқсан айында тағайындалды. Оның алдында мынадай мақсаттар тұр: ол футбол орталығының жұмысын тиісті дәрежеде ұйымдастыру қажет, клубқа ақша түсіретін қосымша пайда көздерін табу керек, сонымен қатар жанкүйерлермен жұмысты жандандыруы тиіс.

Мұның алдында ол Қазақстан Футбол федерациясының бас менеджері қызметінде жүрді.

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394