Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 9624 0 пікір 1 Ақпан, 2016 сағат 10:18

"ПАХАН" - ЖҰМЫСТА, "МАХАН" - ДҮКЕНДЕ...

Жақында қаладағы құрдасымның үйіне бардым. Үйінде құрдасым да, келіншегі де жоқ екен. Балаларынан "әке-шешең қайда?"деп сұрадым.

"Паxан жұмыста, маxан дүкенге кетті" деді. Мен құрдасымның балаларынан "бұл үй ме, әлде түрме ме?"деп сұрадым. Балалар бетіме аң -таң болып қарады. "Неге сендер "әкем", "анам" деп айтпайсыңдар?" дедім.

"Паxан","маxан" деген түрменің сөзі. Түрмеде ұзақ жылдар отырған, қылмыс әлемінде үлкен беделі бар, түрмедегі барлық сотталушыларға әмір жүргізе алатын адамды түрменің "Паxаны" деп атайды. Ал "Маxан" деп әйелдер түрмесін ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстап тұрған сотталушы әйелді айтады. "Ал сендер өз әке-шешелеріңді "паxан", "маxан" десеңдер, бұл - үй емес, түрме болғаны" ғой дедім.

Көптеген жастар ата-анасын "паxан", "маxан" деп атайды. Бұл сөздің түпкі мағынасын білмейді. Білгенімізді жастарға айтып жүрейік.

Жәнібек Қожық

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321