Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4620 0 пікір 29 Қаңтар, 2016 сағат 11:49

ӨЗБЕКСТАН «ЕРКІНДІК ШЕКТЕЛГЕН» ЕЛДЕР ТІЗІМІНДЕ

Халықаралық  Freedom House құқық қорғау ұйымы «2016 жылғы әлемдегі еркіндік» деп аталатын есебін жариялады.

Ол бойынша, Орталық Азияның барлық елінде саяси және азаматтық еркіндік мәселелері оңалмай тұр.

Баяндамада саяси және азаматтық бостандықтар деңгейін көрсету үшін 195 ел: «еркін», «жартылай еркін» және «еркіндік шектелген» дейтін үш топқа бөлінген.  Freedom House Орталық Азияның бес республикасын да «еркіндік шектелген» тобына жатқызады.

Freedom House есебінде Өзбекстан «еркіндігі шектелген» рейтингінде үшінші орында тұр. Баяндама авторлары бұл елді саяси және азаматтық еркіндіктердің деңгейі жағынан Орталық Азиядағы ең нашары деп санайды Рейтингтің төртінші сатысында Түркіменстан жайғасқан. Ұйымның есебінде бұл елдегі саяси және азаматтық еркіндіктердің көрсеткіштері көрші Өзбекстанмен шамалас екендігі айтылады.

Америкалық құқық қорғау ұйымының рейтингінде 16-шы орындағы Тәжікстанды да Freedom House сарапшылары «еркін емес» елдер қатарына жатқызады. Құқық қорғаушылар президент Эмомали Рахмонның үкіметі оппозициялық Тәжікстанның исламдық қайта өрлеу партиясы былтыр наурызда өткен парламент сайлауында бір де бір үміткерін парламентке өткізе алмауына тырысып бақты деп санайды.

Қазақстан Freedom House рейтингінде азаматтық және саяси еркіндіктер көрсеткіші бойынша 24-ші орынға жайғасты. Қырғызстан бұл жағынан 38-ші орында. Ұйым сарапшылары бұл елді Орталық Азия өңіріндегі мейлінше еркін ел деп таниды.

Бұл орайда Transparency International ұйымының сыбайлас жемқорлыққа байланысты тізімінде Өзбекстан Зимбабве, Эритрея, Сирия және Түркіменстанмен қатар тұр.

Жемқорлық сирек кездесетін елдер ретінде биыл Дания, Жаңа Зеландия және Финляндия танылды, ал жемқорлық індеті ең жайлағандар – Судан, Солтүстік Корея мен Сомали.

Жемқорлыққа баға беруге қатысты зерттеу 168 мемлекетте жүргізілген.

Зерттеу авторларының айтуынша, Орталық Азия мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдері мейлінше жемқор және ашық емес өңірлердің тізімінде тұр.

Ұйымның зерттеуі халықаралық қаржы және құқық қорғау саласының сарапшыларының тәуелсіз сауалнамасының негізінде жасалады. Индекс бағаны 0-ден (жемқорлықтың ең жоғарғы деңгейі) 100-ге (жемқорлықтан тазалық) дейінгі ұпаймен есептейді. Осы күнге дейін 100 ұпайды бірде-бір ел алған жоқ.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347