Сейсенбі, 1 Сәуір 2025
Жаңалықтар 4814 0 пікір 28 Қаңтар, 2016 сағат 12:37

ҚЫТАЙ ТӘЖІК АЗАМАТЫН ӨЛІМ ЖАЗАСЫНА КЕСПЕК

Бүгін Қытайда 51 жастағы Тәжікстан азаматы Хасан Юсуфовты өлім жазасына кеспекші. Қытай билігі Тәжікстан ІІМ-ге үкім орындалғанға дейін жазаланушының туысымен кездесуге мүмкіндігі бар деп хабарлаған.

Юсуфов бизнеспен айналысып, Қытайдан Тәжікстанға тауар тасыған. Бес жыл бұрын оны қытайдың Үрімші қаласында ұстап, есірткі тасымалы үшін айып салған. Кейін қытай соты оған өлім жазасын кесті.

Баходур Юсуфовтың туған бауыры тәжік билігінен көмек сұрағанын айтады. 

«Оны базардағы бір әйел алдаған. Үрімшіде бір әйел сөмкесін бір жерден, екінші жерге апарып беруін сұраған. Сол кезде полиция оны тұтқындаған. Сөмкеде есірткі болған», - дейді сотталушының бауыры.

Тәжік билігінің мәліметі бойынша, қазіргі уақытта Тәжікстанның 16 азаматы, 9 ер адам және 7 әйел адам қытай түрмелерінда жазасын өтеп жатыр. Өткен жылдың мамыр айында Тәжікстанның Бас прокуроры Юсуф Рахмон сотталғандардың төртеуіне— үш әйел, бір ер адам өлім жазасы, бесеуіне өмірбақи түрмеде отыру жазасы берілгенін айтты.

Тәжікстан мен Қытай арасында сотталушыларды қайтару жөніндегі келісімге 2014 жылы Душанбеде қол қойылған. Өткен жылдың мамыр айында заң жүзінде бекітілген. Бірақ құжатты ратификацияғанмен Қытайда сотталған бірде-бір азамат қайтарылмаған.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Азамат

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 268
Болған оқиға

Тілендиев неге Таразидың құлағын қыршып алды?

Төреғали Тәшенов 345
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 466
Алтын Орда

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 255