Жұма, 22 Қараша 2024
Қоғам 5093 0 пікір 27 Қаңтар, 2016 сағат 13:36

ПАРЛАМЕНТТЕ ҚАНДАСЫҢНЫҢ ОТЫРУЫ - ҰЛТЫҢНЫҢ ҮЛКЕН ОЛЖАСЫ

ҚР Парламентінде үш фракцияның депутаттары бір ауыздан бесінші шақырылымдағы Мәжілісті мерзімінен бұрын тарату және кезектен тыс Парламент сайлауын өткізу туралы ұсыныс жасады. Депутаттардың бұл ұсынысын Мемлекет басшысы қос палата спикерлерімен бірлесіп отырып талқылады және Мемлекет басшысы мәжілісмендердің бұл ұсынысын қабылдап, мерзімінен бұрын өтетін сайлауды наурызға белгілеп берді.

Ал, саяси сарапшылар алтыншы шақырылымда ҚР Мәжілісінде үлкен өзгерістер орын алуы ықтимал деген болжамдар айтады. Еліміздің негізгі заң шығарушы билігі туралы айтқанда ескере кететін тағы бір жайт бар. Тәуелсіздік алған ширек ғасырдың ішінде Атажұртқа аяқ басып, отанымыздың өркендеу жолында бір кісідей еңбек сіңіріп жүрген азаматтардың орны ерекше. Еліміздің бүгінгі саясатына, мәдениеті мен әдебиетіне, экономикасы мен әлеуметтік тұрмысының дамуына үлес қосып, қоғамдық белсенділік танытып жүрген кешегі қандас, бүгінгі отандас бауырлардың арасынан Мәжіліс сайлауына үмкіткер ұсыну – өз кезегінде маңызды қадам болары анық. Бүгінде Қазақстан азаматы атанып үлгерген қандастарымыздың еліміздің саяси оқиғаларына бей-жай қарамайтынын көзіміз көріп жүр.

Осы ретте, «Abai.kz ақпараттық порталының редакциясына Қазақстанның облыс-облыстарынан ағылып келіп жатқан хаттар да аз емес.

Осындай мазмұндағы хаттың бірі бір сыпырасын жариялауды жөн көрдік.

 

Қазақстан Республикасы

Президенті Әкімшілігінің Басшысы

Н.З.Нығматулинге.

 

Құрметті Нұрлан Зайроллаұлы!

Құдайға мың шүкір, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында азат Қазақстанның топырағын басып, ауасын жұтуға мүмкіндік туды бізге. Біз – шеттен келген қандастарыңыз бұл жақсылық пен қамқорлықты мәңгі ұмытпаймыз. Жас ұрпағымыздың құлағына құйып, зердесіне тоқып кетеміз.

Кеше ғана Көші-қон заңын Президентіміз кемелді етіп қайта қабылдатты. Енді соның қызығын дүниенің түкпір-түкпіріне шашырап кеткен қандастарыңыз көре бастады.

Біз бұл елден бірдеме алу үшін емес, ұрпағымызды аманаттап, осы елге «бір керпіш» етіп қалап кету үшін келген жандармыз. «Дағдарыс-дағдарыс» деп жатыр ғой, біз оны сезіп жатқамыз жоқ. Өз табан ет, маңдай терімізбен өсірген малымыздың арқасында жап-жақсы күн кешіріп жатырмыз. Балаларымыз қазақ тілінде оқиды. Еңбек етем, ауқаттанам деген адамға бұл елде мүмкіндік, орай деген жетіп артылады. Азат Еліміз аман болсын!

Дегенмен, біздің де ел көзінде жүрген оқыған азаматтарымыз биліктің биік тұғырында болмаса да, орта беліне таман ілініп, Отанымызға қызмет етсе дейміз. Міне, мерзімінен бұрын Мәжіліс сайлауы өтетін болып жатыр екен. Сол сайлауда біз бір ауыздан Елбасы партиясы «Нұр Отанға» дауыс береміз деп отырмыз.

Сізден жалғыз ғана өтініш: Сол шеттен келген ағайындардан да бір-екі депутат болса екен Мәжілісте! Біздің арыз-арманымыз бен ақ тілегімізді Сіздерге жеткізіп отырар еді сол депутаттар.

Барша жұмысыңызға сәттілік тілейміз! «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» мерекесі құтты болсын. Елбасымызға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз!

 

Гүлісхан Домалай,

Жұмабек Мұса,

Мөлдір Еркінбек

Нәзипа Сазанбекова

бастаған

25 адамның қойылған.

Зеленоград ауданы,

Ақмола облысы.


Құрметті Асқар Исабекұлы!

Ұраны «Бірлігі мықты ел озады» деп аталатын, құрамында мыңдаған мүшелері мен тілеулестері бар «Ұлы Дала Қырандары» республикалық қоғамдық мәдени-әлеуметтік қозғалысы алдағы болатын сайлауда шет елдерден көшіп келген қандастарымыздың 1-2-кеуін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына сайлауларыңызды сұраймын. Өйткені, бұл күнде «Ұлы көш» ұлтымыздың үлкен олжасы, берекесі, мәртебесі болып отыр. Шет елден келген алтын бауырларымыз қазақтың тілін, ділін, дінін және Ұлы Дала елінің ұлттық салт-дәстүрлерін дамытып өркендетуде ерекше үлес қосып келеді. Сондықтан, алдағы сайланатын парламентте шет елден ата қоныстарына келген бауырлардың болуы өте дұрыс деп санаймыз.

Сәдібек Түгел

«Ұлы Дала Қырандары» қоғамдық

мәдени-әлеуметтік қозғалысы»

республикалық қоғамдық

бірлестігінің тең төрағасы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5328