Жексенбі, 13 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4755 0 пікір 25 Қаңтар, 2016 сағат 09:33

РЕСЕЙ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ ЖОСПАР ЖАСАДЫ

Reuters Ресей дағдарысқа қарсы күрес жоспарының бекітілмеген нұсқасында экономиканы қолдауға 135 миллиард рубль жұмсауды көздеп отырғанын жариялады.

Агенттіктің хабарлауынша, тағы 340 миллиард рубль ұлттық валюта бағамының күрт құлдырауы мен қатардағы ресейліктердің экономикалық жағдайының нашарлауына байланысты туындауы ықтимал қоғамдық наразылықпен күресуге жұмсау көзделген.

Ресейдегі жағдайға мұнай бағасының арзандауы, Украинадағы дағдарыс үшін батыс елдерінің Мәскеуге қарсы салған санкциялары және рубль бағамының құлауы әсер етуде. Өткен аптада 1 АҚШ долллары 84 рубльге көтеріліп, соңғысы тағы антирекорд орнатқан еді. Бірақ қаңтардың 22-де валюталық бағам бір долларға 78 рубльге дейін төмендеді.

Reuters әзірге аяқталмаған дағдарысқа қарсы жоспар туралы айтқан үкіметтегі екі бірдей дереккөздің сөздерін дәйек етеді. Қолдағы дерек бойынша, қаржының бір бөлігі өнеркәсіп және құрылыс салаларына жұмсалады.Оның ішінде, автокөлік жасаушыларға 50 миллиард рубль беруге уәде етілген.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1123
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2658
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 777
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 741