ҚМГ мен CNPC шілде айында «Қазақстан-Қытай» газ құбырының екінші учаскесінің құрылысы бойынша БК құрады
Астана. 12 маусым. ҚазТАГ - Айгүл Түлекбаева. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен Қытайдың ұлттық мұнай-газ корпорациясы (CNPC) шілде айында «Қазақстан - Қытай» газ құбырының екінші учаскесінің құрылысы бойынша БК құрады, деп мәлім етті ҚМГ басшысы Қайыргелді Қабылдин.
«Келісім шеңберінде біз жақын уақытта, 2-3 аптаның ішінде БК құрамыз деп ойлаймын», - деді Қ. Қабылдин сенбі күні ҚР және ҚХР мемлекет басшыларының келіссөздерінен кейін журналистерге сұхбат беру барысында.
Бұрын хабарланғандай, сенбі күні ҚМГ мен CNPC арасында «Қазақстан-Қытай» газ құбырының екінші учаскесін жобалау, қаржыландыру, салу және пайдалану бойынша негізгі қағидалар туралы келісімге қол қойылды.
«Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры туралы айтып отырмыз, деп нақтылады ҚМГ басшысы.
Көмірсутек өндірісі бар Қазақстанның батыс аймақтары «Түркменстан-Қазақстан-Қытай» газ құбырының жүйесіне қосылады. Бұл елдің оңтүстігін отандық газбен қамтамасыз етуге, осылайша, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. «Оңтүстікте негізінен өзбек газын тұтынамыз», - деп еске салды Қ. Қабылдин.
Сондай-ақ, газ құбырының құрылысы қазақстандық газдың экспорттық бағыттарын әртараптандыруға мүмкіндік береді. «Біз бүгінгі күні газды Газпром арқылы ғана экспорттаймыз», - енді Қытай бағыты да ашылады.

Жоба $3-3,5 млрд-қа бағаланып отыр. Құбырдың аталған учаскесімен газ жеткізілімдері туралы айтқан Қ. Қабылдин «бірінші кезеңде жылына 10 млрд текше метр газ тасымалданып, келешекте оның көлемін 15 млрд т.мт жеткізу жоспарланып» отырғанын жеткізді.