Сенбі, 23 Қараша 2024
Ел іші... 4762 0 пікір 22 Қаңтар, 2016 сағат 10:04

БІЛӘЛОВТІҢ БАС БОСТАНДЫҒЫ 3 ЖЫЛҒА ШЕКТЕЛДІ

Араздық тудырды деген айыпен сотты болған азаматтық белсенді Болатбек Біләлов «кінәсін мойындады» және үш жылға бостандығы шектеу туралы жаза алды.

Үкім оқылған соң ол сот залынан босатылды. Бұған дейін өз ісін қылмыстық емес, саяси деп санап келген  Болатбек Біләлов Астанадағы сотта кінәсін мойындап, ісіне өкініш білдірді.

Ол «азаматтық белсенділердің көпшілігі өзінің ісін жеке мүдделеріне пайдаланатынын, бірақ қазір өзі үшін ең басты құндылық отбасы боп табылатынын түсінгенін» айтқан. Сонымен бірге белсенді «өзінің қылмыстық ісін саяси мақсатта және өзін жарнамалау үшін пайдалануға тыйым салатынын» мәлімдеді. «Антигептил» тобының мүшесі, азаматтық белсенді Мақсат Ілиясұлы Болатбек Біләловке «екеуінің бірін – қоғамдық-саяси өмірі мен отбасының тағдырын таңдау керек болғанын» айтады. Кінәсін мойындамаған жағдайда бірнеше жылға сотталып кететін Болатбек Біләловке ауыр болған шешімді қабылдайтындарын және ренжімейтіндерін мәлімдеді.

 «Демократия және адам құқықтары институты» үкіметтік емес ұйымының жетекшісі Болатбек Біләлов былтырғы жылдың қарашасында ұсталды. Астана қаласының №2 Сарыарқа аудандық соты қарашаның 11-де азаматтық белсенді Біләловті екі айға қамау туралы шешім шығарды. Оған БАҚ арқылы әлеуметтік, ұлтаралық араздық тудырды деген айып тағылды. 

Болатбек Біләлов сонымен бірге, үйлері сүрілгенде берілген өтемақы көлемімен келіспеген Астана қаласының тұрғындарының мүддесін соттарда қорғағанымен және өзге де баспана мәселелері шешілмеген азаматтарға көмектескенімен танымал. Ол Қазақстандағы Байқоңыр ғарыш айлағынан гептилді отын ретінде пайдаланатын ресейлік зымырандардың ұшуына қарсы «​Антигептил» тобының белсенді мүшесі.

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404