Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3274 0 пікір 22 Қаңтар, 2016 сағат 09:58

ТӘЖІКСТАННЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ КЕДЕРГІЛЕР

Дүниежүзілік экономикалық форум (WEF) дайындаған жаңа рейтингте Тәжікстан бәсекеге қабілеттілік жағынан 140 елдің арасынан 80-ші орынға ие болды.

Тізімде Тәжікстан Гватемала, Украина, Грекия және Армениямен көрші тұр.Бір жыл бұрын Тәжікстан бұл рейтингте 91-ші орында тұрған. Дүниежүзілік экономикалық форумның «Global Competitiveness Report 2015-2016» рейтингі қаңтардың 20-да жария болды. Ол жақында швейцарлық Давоста өткен форумда таныстырылды.

Рейтингке сәйкес Тәжікстан 7 баллдық өлшеммен 4 баллға ие болған. Тәжікстан жолдарының сапасы бойынша - 82, теңіз айлақтарына қолжетімділік жағынан 133 және қуат көздерімен қамтамасыз ету бойынша - 106-шы орындарға табан тіреген.

Рейтингте республиканың мемлекеттік қарызы 2 млрд доллардан асқаны көрсетілген. Сонымен бірге құжатта Тәжікстандағы сауданың дамуына тосқауыл боп тұрған 16 кедергі аталады. Олардың қатарына қаржы көздеріне қолжетімділік, салықтың көптігі және жемқорлық жатады.  

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434