Сенбі, 23 Қараша 2024
Мәйекті 6454 0 пікір 21 Қаңтар, 2016 сағат 09:59

БҰ САЙЛАУДА ЗИЯЛЫЛАР ТАҒЫ АЛДАНЫП ҚАЛМАЙ МА?

Сайлау күні белгілі болды. Енді наурыздың 20-на дейін саясат қазаны бұрқ-сарқ қайнайтын болады. Сол қазанға ең алдымен «майлы жіліктер» (қазақ зиялылары) салынып, ел солардың көмейінің бүлкілене елітетін болады. Тәтті түс көріп жатқандай күй кешеміз. Міне, қызық...

 Аю секілді алты айлық ұйқысынан оянған партиялар өз саптарына ел алдында беделі бар азаматтарды қосып алып, дауыс жинамаққа білек сыбана кіріседі. Жазушы мен ақындар, бір сөзбен айтқанда қазақтың бар қаймағы эмоцияға беріліп, бүгін бар, ертең жоқ саяси партиялардың туұстарына айналып, әне-міне депутат болып кететіндей желігеді. Бұл сценарийді мың рет көрсек те, зиялыларымыз алданудан жалығар емес. Халық та «сенбей қояйыншы» демейді.

Басқа сайлаулар санадан өше бастады ғой. Өткен сайлаудан ғана мысал келтірейік. Есіңізде ме, өткен сайлауда Азат Перуашевтің «Ақжолы» Исрайыл Сапарбай, Амангелді Айталы, Қазыбек Иса секілді оншақты тұлғаны бетке ұстап, қазақтың даусын «қырып» алды. Бірақ, депутат орынтағына сол онның бірі де отырған жоқ. Айталылардың айғайы арқылы ел жұрт сойы тұрмақ, жүзін көрмеген бизнесмендер депутат болып шыға келді. Бұл сайлауда да сөйтпей ме? Зиялылар тағы да алданып қалмай ма?

Өзі алданса алдансын, бірақ халықты адастыруға болмайды... Сіз не дейсіз?

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz   

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435