Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 4535 0 пікір 21 Қаңтар, 2016 сағат 09:51

ҚЫТАЙДА СҰЛУЛЫҚ БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСЫП ЖАТҚАН РЕСЕЙЛІК БОЙЖЕТКЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ АТЫНАН ШЫҒАТЫН БОЛДЫ

Қытайда халықаралық сұлулық байқауындағы жанжалға уфалық бойжеткеннің әрекеті себеп болған деп жазады Қазақпарат.

Онда Уфа қаласының студенті Ресейдің орнына Қазақстанның намысын қорғауда, деп хабарлайды Башқұрт спутниктік телеарнасы.

Оған ондаған, тіпті жүздеген жерлесі жәнкүйерлік еткен. Бір аптадан кейін байқаудан суреттер жүктеле бастайды. Суреттен байқалғандай: модель Ресейді емес, Қазақстанның атынан шыққалы жатыр. Жаңалықты отандастары суық қабылдады. Оның әр суретінің астына түрлі жағымсыз пікірлер жазылып жатыр.

Аспанасты елінде өнер көрсетуі тиіс екінші модель Ева Чашинская оған Өзбекстан атынан шығуды ұсынғанын әлеуметтік желіге жазған, алайда ол байқауға қатысудан бас тартыпты.

Башқұртстанның азаматына неге басқа елдің атынан шығуды ұсынды? Және Уфа өнер академиясының студенті бұған қалайша келісіп жүр? Бұл сқраққа модель агенттіктері былай жауап береді: халықаралық байқауларда мұндай жағдайлар көп болады. Кейде қатысушыларға мұны ең соңында айтады.


«Мисс Башқұртстан» модель агенттігінің жетекшісі Луиза Закирьянова: «Ресейліктерге квота жабылған, және Ресейден қатысатын бір қыз бар деді. Басқа елдердің атынан шығуға мүмкіндік болды. Настяны Башқұртстанның атынан шықсын деп өтіндім. Олар келісті. Біз Башқұртстанның атынан шығамыз деп дайындалып барғанбыз, ұлттық костюм тіктік, тіпті туды да алып алдық. Ал келген кезде бізге Қазқстанның атынан шығасыңдар деді» — деп жауап берді.

Қазір қыз әлі де Қытайда және әлеуметтік желілерге суреттерін шығарып жатыр. Кейбір суреттерде Қазақстанның атын қолымен жауып тұрғаны байқалады. Дегенмен, Башқұртстанның туымен түскен суреттері де бар. Қыз бұл іс-әрекетіне байқаудан келген соң ғана жауап бере алады. Байқаудың финалы 27 қаңтарда.

Дереккөзі: baistars.kz

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1481
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475