Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3364 0 пікір 19 Қаңтар, 2016 сағат 14:39

"ЭКСТРЕМИСТ ҰЛЫ" ҮШІН АСЫЛЫП ҚАЛҒАН

14 қаңтарда Кашкадария облысы Шахрисабз елдімекеніндегі № 100 лицейінің өзбек тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі 53 жастағы Шаходат Бахадырованың асылып қалған денесі өзінің үйінде табылды.

Әріптестерінің және көршілерінің сөздерінше, Шаходат Бахадырова ұлын экстремист деген айыппен түрмеге қамаған соң, ұзақ уақыт бойында Ұлттық қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінің және өзінің басшылығының қысымында болған. Олар әйелге қатысты түрлі «тіл тигізу» өзін өлтіруге әкелуі мүмкін дейді.

- Шаходаттың ұлын түрмеге отырғызғаннан кейін, ол жұмыс істеген лицейдің директоры оны шақырып алып, «Сенің ұлың экстремист» деп балағаттады. Осыдан кейін, әйел жұмыстан шығып кетті. Сонымен бірге институтта оқитын қызын оқудан шығарып жіберді. Әйелді үнемі арнайы қызмет өкілдері шақырып, тергей берген. Осыдан кейін ол асылып қалды. Мұның бәрін ол өзінің қоштасу хатында жазған, - деді марқұмның мектепте бірге жұмыс істеген әріптесі.

Тәшкентте орналасқан Өзбекстандағы тәуелсіз құқық қорғаушылардың бастамашыл тобының басшысы Сурат Икрамов діни сенімдері үшін түрмеге қамалған адамдардың отбасын масқаралау үйреншікті жағдай дейді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5508