Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2310 0 пікір 14 Маусым, 2010 сағат 08:36

Қырғызстанның оңтүстігіндегі жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты 80 өрт оқиғасы болды, олардың бәрін сөндіру мүмкін болмай отыр

Ош. 14 маусым. ҚазТАГ - Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Қырғызстанның оңтүстігіндегі жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты 80 өрт оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.

ТЖМ мәліметтері бойынша, 11 -12 маусымда Ошта өрт туралы 40 хабар түскен, өртке қарсы күрес бөлімшесінің күштері 27 өртті сөндірді. Оқиғалар үш супермаркетте, 6 дәмхана-мейрамханада, 40 тұрғын үйде шыққан.

Тәртіпсіздіктер кезінде Бабыр атындағы музыкалық академиялық өзбек театрының көрермен залы өртеніп кетті, «Ош гарнизонының жеке құрамы түгел дабыл бойынша аяғынан тік тұрғызылды. Өртпен күреске құрамында 45 адам мен офицерлік құрамның 10 өкілі бар өртке қарсы 10 топ тартылды», - деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Өрт сөндіру кезінде 12-ші Әскери өрт сөндіру қызметінің жеке құрамының өміріне ұлтаралық негізде қақтығысушы тұлғалар тарапынан қауіп төнді. Нәтижесінде Өрт қауіпсіздігі басқармасының (ӨҚБ) 7 қызметкері дене жарақатын алды. Олардың үшеуі ауруханаға жеткізілсе, екеуі Ош облыстық клиникалық ауруханасының нейрохирургия бөліміне, біреуі "Қырғыз-Чек" аудандық ауруханасына жатқызылды. Сондай-ақ, Ош гарнизонының АЦ-40 маркалы өртке қарсы 2 көлігі (ЗИЛ-130) қиратылды, олардың алдыңғы және екі жағындағы терезелері сындырылды.

«Қақтығысушы жақтардың Ош қаласының ӨҚБ қызметкерлеріне шабуылдары салдарынан өрт сөндірушілер Южный, Фуркат, Достық шағын аудандарындағы өрт оқиғаларына шыға алмады», - деп атап өтті баспасөз қызметі. Оның мәліметіне сәйкес, 12 -13 маусымда Ошта 16 өрт тіркелді.

Жалал-Абад облысында 9 өрт оқиғасы тіркелді, оның 6 -уы жеке тұрғын үйлерде болған. «Сағат 23.30-да ІІМ арнайы жасағымен бірге Жалал-Абадтың 20-шы ІӨБ Ленин көшесіндегі Халықтар достығы университетіне бет алды. Жолда өрт қызметінің көліктеріне белгісіз біреулер қарудан оқ жаудырды. Осының салдарынан өртке қарсы күрес қызметінің бір қызметкері иығынан жарақат алды... ол қалалық ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

13-14 маусымда Ошта 14 өрт оқиғасы тіркелді. Жалал-Абад облысында 5 өрт, Жалал-Абадта 11 өрт оқиғасы.

Баспасөз қызметіндегілердің атап көрсетуінше, көптеген өрт оқиғалары сол жердегі ашу-ызаға толы азаматтардың әрекетіне байланысты сөндірілген жоқ.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1474
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5450