Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 5336 1 пікір 19 Қаңтар, 2016 сағат 13:48

НЫҒМАТУЛИНГЕ ХАТ: ПАРЛАМЕНТКЕ ҚАНДАСТАР АРАСЫНАН ДЕПУТАТ ҰСЫНЫЛСЫН!

Өткен аптада ҚР Парламентінде үш фракцияның депутаттары бір ауыздан бесінші шақырылымдағы Мәжілісті мерзімінен бұрын тарату және кезектен тыс Парламент сайлауын өткізу туралы ұсыныс жасады. Депутаттардың бұл ұсынысын Мемлекет басшысы қос палата спикерлерімен бірлесіп отырып күні кеше ғана талқылады.

Өз кезегінде бір қатар заң жобаларын қабылдаған, соның ішінде еліміз үшін ұлттық, мемлекеттік маңызы ерекше болып табылатын – «Көші-қон» туралы заң жобасын да дәл осы бесінші шақырылым депутаттары қабылдап, Елбасының құзыретіне өткізген еді. Ал, саяси сарапшылар алтыншы шақырылымда ҚР Мәжілісінде үлкен өзгерістер орын алуы ықтимал деген болжамдар айтады. Еліміздің негізгі заң шығарушы билігі туралы айтқанда ескере кететін тағы бір жайт бар. Тәуелсіздік алған ширек ғасырдың ішінде Атажұртқа аяқ басып, отанымыздың өркендеу жолында бір кісідей еңбек сіңіріп жүрген азаматтардың орны ерекше. Еліміздің бүгінгі саясатына, мәдениеті мен әдебиетіне, экономикасы мен әлеуметтік тұрмысының дамуына үлес қосып, қоғамдық белсенділік танытып жүрген кешегі қандас, бүгінгі отандас бауырлардың арасынан Мәжіліс сайлауына үмкіткер ұсыну – өз кезегінде маңызды қадам болары анық. Бүгінде Қазақстан азаматы атанып үлгерген қандастарымыздың еліміздің саяси оқиғаларына бей-жай қарамайтынын көзіміз көріп жүр.

Осы ретте, «Abai.kz ақпараттық порталының редакциясына ағылып келіп жатқан хаттар да аз емес. Солардың бірі Алматы қаласындағы белсенділердің алдағы сайлауда Мәжіліст депутаттығына қандастар атынан өкіл ұсыну туралы Президент Аппараты жетекшісі Нұрлан Нығматулин мырзаға жолдаған хатын жариялауды жөн көрдік.

Қазақстан Республикасы Президенті

аппаратының жетекшісі

Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулинге

ӨТІНІШ

Біз, Алматы қаласының және Алматы облысының тұрғындары, 2015 жылы қайталай өзгертулер мен толықтырулар енгізілген «Халықтың көші-қоны туралы» заңына Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың 24-қарашада қол қойғанына ризашылығымызды білдіреміз.

Өйткені, шетелге тарыдай шашылған қандастарымыздың Атажұртына оралуына толықтай мүмкіндік ашылып отыр. Ал, бұл жайт Елбасымыздың «Нұрлы көш» бағдарламасының қарқын алып, еліміздің демографиясы мен экономикасының қоса дамуына үлес қосады деп кәміл сенеміз. «Елге ел қосылса – құт», дейді ата-бабаларымыз. Бұл - Елбасымыздың салиқалы саясатының жемісі деп білеміз.

Аса Құрметті Нұрлан Зайроллаұлы!

Біздің сізге айтпағымыз, алдағы, алтыншы шақырылым бойынша болатыын Паралемнт сайлауына «Нұр Отан» партиясы атынан өтетін депутаттар қатарына шеттен келген оралман, қазіргі кездегі Қазақстан азаматы ретінде, оқыған, білімді, жан-жақты, Елбасымыздың «Нұрлы жол» бағдарламасының іске асуына атсалысып, үлес қосып жүрген азаматтардың арасынан сүбелі үш азаматты депутаттыққа тіркеп, өткізуге ықпал етуіңізді сұраймыз. Алда болатын алтыншы шақырылымдағы Парламент сайлауына 1 миллион қандасымыз 100 пайыз «Нұр Отан» партиясына дауыс беруіне кепіл боламыз.

Хатқа жиырма адам қол қойған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5496