Сенбі, 23 Қараша 2024
Мәйекті 7188 0 пікір 18 Қаңтар, 2016 сағат 16:21

ЕУРОПА ЕНДІ КРЕСТ ТАҚҚАН ЛАНКЕСТЕРМЕН КҮРЕСЕДІ

ДАИШ (ИГИЛ) «жалғыз бөрі» ретінде батыста әрекет еткісі келетін сарбаздарына барлау қызметтерінің назарына түспеуі үшін жергілікті христиандарға ұқсап жүруге кеңес берген.

Бұдан бұрын Әл-Каида тарапынан әзірленген шағын кітапшаны, ДАИШ ұйымы ғаламторда жариялаған болатын.

58 беттік ережелер кітабында ұйым өз сарбаздарына электронды почталарын белгілі етпеуге, смартфондарды пайдаланбауға, сақал-мұртты қырып тастауға, бетке ласион жағып жүруге үгіттейді. Бұл жағдайлар батыс қоғамында олардың байқалмауына септеседі деп жазылған.

Ең қызығы, еуропадағы жанкештілеріне крест алқа тағып жүруге де рұқсат етілген. Тек бұл крест алқаны төлқұжаттарында мұсылман екендігі айқындалғандар тақпауы керек екен.  

«Жалғыз бөрілер» мен террор әрекетіндегі бауырлар үшін қауіпсіздік және сақтану ережелері» атты 12 бөлімнен тұратын кеңестер көптеген мамандар үшін күлкілі болуы мүмкін. Алайда, Париждегі 130 адамның өліміне әкеп соққан террорлық шабуылдарды жасауда бұл ережелердің септігі болғанын ешкім жоққа шығара  алмайды.

Кітапшаның кіріспесінде «жеңіске жеткісі келетін «жалғыз бөрілер» мен террор әрекетіндегі бауырларымызға қарапайым еңбегімізді ұсынамыз» делінген. 30 дәрістен тұратын еңбектің авторы Әл-Каиданың бұрынғы белді тұлғасы болған Әбу Жәбәлә Әл Адам. Ол 2013 жылы АҚШ-тың пилотсыз ұшағынан қаза тапқанға дейін ұйымның жоғарғы барлау маманы болған.

Кітапшадағы біраз кеңестеріне көз жүгіртіп көрсек.  Сақал өсірмеу, еркектер үшін ұзын етекті туника мен сүннет киімдерді кимеу, тіс тазалығы үшін мисуак қолданбау, діни кітаптарды өзіңізбен бірге алып жүрмеу қажет. Майлы мұсылман әтірін қолданбай, оның орнына спиртті парфюм қолдану сізді басқалардан өзгешелемейді. Жихадшылардың бір-бірлерімен кеңесіп отыруы, жоспарланатын шабуылдар туралы ешкімге айтпау, сырласпау, біраз уақыт мұсылмандар жиналатын орындар мен мешіттерге бармауда пайдаға асады.

Барлау қызметі мен полицияның қырағылығы артқан соң, ДАИШ ұйымы Еуропадағы содырларына абай болуға шақырады. Әсіресе, Facebook және Twitter әлеуметтік желілерінде ұйым белгісі бар сурет пен қандай да бір діни суреттер қоймауға, террорлық жоспарлар туралы сөйлеспеуді қатаң ескертті.

Мұстафа Әл Ираки лақабындағы ДАИШ содыры өзінің Twitter әлеуметтік желісінде ұйымның жаңа мүшелеріне мынадай кеңестерді айтады;

  1. Ғаламторда «барлық кәпірлерді өлтіріңдер» немесе «кәпірлерді өлтіруге рұқсат бар» деген сұрау жазбаңыз. Әсіресе Еуропада өмір сүретін болсаңыз «өлтіру» сөзін іздеу торынан сұратпаңыз.
  2. Біреумен қажылық және хижрат турасында сөйлеспеңіз. Қажылыққа баратын болсаңыз да жақыныңызға айтпаңыз.
  3. Сирия аумағында болсаңыз қауіпсіздігізді ойламастан бұрын ұйым туралы әлеуметтік желіде пікір алыспаңыз.
  4. ДАИШ жоспарлары туралы ешқашан жаңалық жазбаңыз. Жоспар іске асқаннан кейін де қуанышыңызды бөліспеңіз.

 

Батыстық барлау қызметтері АҚШ-та 2001 жылы 11 қыркүйекте орын алған террорлық шабуылдан соң, радикал әсіре діншіл адамдар баруы мүмкін мешіттерді бақылауға ала бастаған. Жаз басталғалы Еуропадағы радикалды жиһадшылардың Таяу Шығыстан келген босқындар лагері мен тұрып жатқан аудандардағы мешіт ретінде жиналатын үйлерге бара бастаған. Париждегі терроролық шабуылдан соң Белгия, Италия, Германияның арнаулы қызметтерің назары бұл мешіттер мен босқындарға  ауды.

Франция, Италия және кейбір Еуропа елдері 800 мешіттің заңды түрде жабуға әрекеттенгені байқалып отыр.

Назар Тұрықбайұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502