Бейсенбі, 31 Қазан 2024
Деп жатыр 4778 0 пікір 18 Қаңтар, 2016 сағат 07:54

ШЕНЕУНІКТЕР НЕГЕ ҚҰРАНҒА ҚОЛ ҚОЙЫП АНТ БЕРМЕЙДІ?

Өткен дүйсенбіде Австралияда ел үкіметі құрамындағы 43 жастағы мұсылман жігіт Эд Хьюзик Премьер-министр Кевин Радтың парламенттік хатшысы болып тағайындалғанда Құранға қол қойып ант берді. «Австралияның Конституциясын осылай бұзғаның қалай, біз қашаннан бері шариғат бойынша өмір сүруші едік» дегендерге берген жауабында Хьюзик «мұсылман дінін ұстанушы болғандығымнан бұл мен үшін әдеттегі жағдай» деп мәлімдеді. Әрі бұл өзінің құқығы болумен қоса, демократияның бір бөлшегі екендігін айтып, сыншыларының аузына құм құйды, - деп жазады Facebook әлеуметтік желісінде белгілі журналист Марат Тоқашбаев. 

"Осыдан ой туады: Қазақстан мұсылман елі бола тұра біздегі мемлекет қызметкерлері мен депутаттар неге Құранға қол қойып тұрып ант бермейді? Әншейін ант беру Конституцияның негізінде жүзеге асырылады. 24 жылда 49 өзгерту енгізілген ҚР Конституциясы сыбайлас жемқорлыққа шектеу қоя алмай тұр. Сыбайлас жемқорлықпен ұсталғандардың бәрі Конституцияға пысқырмайды. Ал 1500 жылда бір әрпі өзгермеген Құран мемлекеттік қызметкерлерді амалсыз адал болуға жетелер еді. Құранмен ант берген судьялар Құдайдан қорқып әділ шешімдер шығарары сөзсіз. Министрлердің ісіне берекет кірер еді. Қоғам сөйтіп сауыға түсер еді. «Зайырлы елміз» десек те мемлекет діннен түбегейлі ажырап кете алмайды. Сондықтан діннің артықшылықтарын неге пайдаланбасқа?" дейді журналист. 

Abai.kz

0 пікір