Бейсенбі, 31 Қазан 2024
Жаңалықтар 2996 0 пікір 15 Қаңтар, 2016 сағат 09:22

РЕСЕЙ ТҮРКИЯДА ҰСТАЛҒАН РЕСЕЙЛІКТЕРДІҢ ЕСІМДЕРІН БІЛЕДІ

Ресей Түркияда ұсталған ресейліктердің есімдерін біледі

Бұл туралы Ресей СІМ ресми өкілі Мария Захарова хабарлады.

—Түрік тарабы бізге олардың есімдерін берді. Біраз уақыттан соң олардың аты-жөнін жариялаймыз деп ойлаймын, — деді Захарова.

Ресми өкіл олардың іздеуде болғанына қатысты, тек бір адам туралы сондай мәлімет бар екенін, екі адам бойынша ондай деректің әзірге жоқтығын айтты. Захарова Стамбулдағы жарылыстан кейін ұсталған азаматтардың ресейлік ресми өкілдермен әріптестікке барудан бас тартқанын еске салды. Оның ойынша, бұған Анталияда ұсталған ресейліктердің арасында Татарстанда «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымымен байланысы әшкереленген Айдар Сулеймановтың болғаны әсер еткен.

Захарованың сөзінше, 2015 жылы тамыздың  10-да Татарстанның ішкі істер министрлігі «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымының  қызметіне араласқаны және осы ұйым қатарына адам тартумен айналысқаны үшін бұл адамға сырттай айып таққан. 2015 жылдың қарашасында Сулеймановқа Интерпол бойынша халықаралық іздеу жарияланған.

Абай-ақпарат

0 пікір