Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 3881 0 пікір 14 Қаңтар, 2016 сағат 11:07

БІЛӘЛОВ: "БҰЛ - ҚЫЛМЫСТЫҚ ЕМЕС, САЯСИ ІС"

Бүгін Астанада «алауыздық тудырды» деп айыпталған азаматтық белсенді, «Антигептил» қозғалысының мүшесі Болатбек Біләловтың соты жалғасады.

Қаңтардың 13-де басталған сот отырысының барысында  мемлекеттік айыптаушы You tube бейнехостингінде жарияланған Біләловтың сұхбатында «алауыздық туғызудың» байқалатынын мәлімдеді.

Болатбек Біләлов прокурордың айыптауымен келсіпей, өзіне қарсы істі «қылмыстық емес, саяси іс» деп бағалайтынын айтты. Ол осындай айыптауларды өзін бас бостандығынан айыру мен азаматтық белсенді әрі құқық қорғаушы ретіндегі беделіне нұқсан келтірудің жолы деп есептейді.

Болатбек Біләлов 2015 жылы қараша айында ұсталды. Оған «әлеуметтік және ұлтаралық алауыздық туғызды» деген айып тағылған. Тергеушілер ол мұндай қылмысты БАҚ-ты пайдалана отырып, жария түрде жасады деп санайды.

Болатбек Біләлов  сонымен бірге, үйлері сүрілгенде берілген өтемақы көлемімен келіспеген Астана қаласының тұрғындарының мүддесін соттарда қорғағанымен және өзге де баспана мәселелері шешілмеген азаматтарға көмектескенімен танымал. Ол Қазақстандағы Байқоңыр ғарыш айлағынан гептилді отын ретінде пайдаланатын ресейлік зымырандардың ұшуына қарсы «Антигептил» тобының белсенді мүшесі.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1480
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475