Бейсенбі, 31 Қазан 2024
Жаңалықтар 3087 0 пікір 14 Қаңтар, 2016 сағат 09:36

НАТО РЕСЕЙГЕ БОЛА ЗЫМЫРАНҒА ҚАРСЫ ҚОРҒАНЫСЫН ШЕКТЕМЕЙДІ

НАТО-ға мүше елдер Солтүстік Корея тарапынан төнген қауіптен кейін, ресейліктердің зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін шектеу туралы талабына көне алмайды.

Бұл жөнінде АҚШ мемлекеттік хатшысы көмекшісінің қарулануды бақылау жөніндегі орынбасары Фрэнк Роуз мәлімдеді. НАТО-ның Брюссельдегі штаб-пәтерінде журналистермен кездесуінде Фрэнк Роуз: «Біз жүйелерімізді шектеу туралы талаптармен келіспейміз, өйткені қарқыны үдей түскен қауіпке тез төтеп беретін мүмкіндікке ие болуымыз керек», - деді.

Солтүстік Кореяның сутегі бомбасын сынақтан өткізуі, КХДР-дың Жапония мен Құрама Штаттарға осы жолмен соққы жасау қабілетін арттыратын қадам, сондықтан Вашингтон Ресей қарсы болған қорғаныс жүйесін құруға бел байлағанын білдіріп отыр.

"Солтүстік Кореяның қолында көптеген баллистикалық зымыран бар және олар оны жиі сынақтан өткізеді» деген Роуз КХДР зымырандары Оңтүстік Корея мен Жапония аумағына дейін жететінін, ал болашақта АҚШ жеріне де ұшып келуі мүмкін екенін атап өтті. НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг өткен аптада Солтүстік Кореяны ядролық және зымыран бағдарламаларын тоқтатуға шақырды.

Ресей былтыр Дания НАТО-ның қорғаныс жүйесіне қосылған жағдайда, ядролық зқымырандарын дат әскери кемелеріне қарай бағыттайтынын айтып сес көрсетті. «Ресей тарабы, шектеуді міндеттейтін заңды тұрғыдағы талаптың жоқтығынан, біз олардың жауды ұстап тұруға арналған стратегиялық күштерінің әрекетін еш қылатын әлеуетке ие бола ма деп қауіптенеді» - деді Роуз.

НАТО-ның ЗҚҚ жүйесінің басым бөлігін АҚШ қамтамасыз етсе де, 2012 жылы әскери одақ Еуропадағы мүмкіндіктерін дамытуға келіскен болатын. Румыния ЗКК жүйесінің кей бөліктерін өз аумағында орналастыруға рұқсат етті, Түркияда ЗКК жүйесінің радары қойылған.Құрама Шттаттар қыркүйек айында зымыранға қарсы қалқан есебіндегі 4 кемесінің бірін Испания жағалауына жөнелтті. Польша да 2018 жылдан бастап қорғаныс жүйесін орната бастайды.

Абай-ақпарат

0 пікір