Атышулы заңдар айналма жолмен қабылданды!
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕЙБІР КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢДАРЫНА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ - ЕЛБАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ САЛАСЫНДА ЗАҢНАМАНЫ ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ
1-бап. Қазақстан Республикасының мына конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 17-18, 114-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 192-құжат; 1998 ж., № 7-8, 71-құжат; № 22, 290-құжат; 1999 ж., № 10, 340-құжат; № 15, 593-құжат; 2004 ж., № 7, 45-құжат; 2005 ж., № 7-8, 17-құжат; 2006 ж., № 23, 138-құжат; 2007 ж., № 12, 85-құжат; 2009 ж., № 2-3, 5-құжат):
53-баптың 3-тармағының екінші бөлігі "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне" деген сөздерден кейін "- Елбасына" деген сөзбен толықтырылсын.
2. "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 172-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 10, 343-құжат; 2006 ж., № 23, 137-құжат; 2007 ж., № 12, 82-құжат):
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕЙБІР КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢДАРЫНА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ - ЕЛБАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ САЛАСЫНДА ЗАҢНАМАНЫ ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ
1-бап. Қазақстан Республикасының мына конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 17-18, 114-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 192-құжат; 1998 ж., № 7-8, 71-құжат; № 22, 290-құжат; 1999 ж., № 10, 340-құжат; № 15, 593-құжат; 2004 ж., № 7, 45-құжат; 2005 ж., № 7-8, 17-құжат; 2006 ж., № 23, 138-құжат; 2007 ж., № 12, 85-құжат; 2009 ж., № 2-3, 5-құжат):
53-баптың 3-тармағының екінші бөлігі "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне" деген сөздерден кейін "- Елбасына" деген сөзбен толықтырылсын.
2. "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 172-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 10, 343-құжат; 2006 ж., № 23, 137-құжат; 2007 ж., № 12, 82-құжат):
4-баптың 4-тармағының екінші сөйлемі "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне" деген сөздерден кейін "- Елбасына" деген сөзбен толықтырылсын.
3. "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы" 2000 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 10, 232-құжат):
1) тақырып "Президенті" деген сөзден кейін "- Елбасы" деген сөзбен толықтырылсын;
2) кіріспедегі "қалаушылардың бірі, Қазақстан халқының бірлігін, Конституцияны, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз еткен Қазақстан халқының көшбасшысы ретінде республика" деген сөздер "қалаушы, Қазақстан халқының бірлігін, Конституцияны, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз еткен Елбасы ретінде Қазақстан Республикасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) бұдан әрі бүкіл мәтін бойынша "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің", "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне", "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті", "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті", "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін", "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентімен", "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің" деген сөздерден кейін тиісінше "- Елбасының", "- Елбасына", "- Елбасы", "- Елбасы", "- Елбасын", "- Елбасымен", "- Елбасының" деген сөздермен толықтырылсын;
4) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"1-бап. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының мәртебесі және өкілеттігі
Осы Конституциялық заңда Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының Конституциясында, "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Конституциялық заңда және республиканың басқа заңдарында көзделген өкілеттіктерімен қатар Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының саяси-құқықтық мәртебесі, өзі Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттіктерін тоқтатқаннан кейінгі де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының айрықша құзыреттері мен кепілдіктері айқындалады.
Қазақстан мемлекеттілігін құрудың бастауында тұрған және демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде егемен Қазақстанды дамытуға аса зор үлес қосқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы болып табылады.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне - Елбасына Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлану құқығына шектеу қолданылмайды.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне - Елбасына оның тарихи миссиясына байланысты өмір бойы:
1) Қазақстан халқына, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттік құрылыстың, елдің ішкі және сыртқы саясаты мен қауіпсіздігінің аса маңызды мәселелері бойынша тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар міндетті түрде қарауға жататын бастамалар жасау;
2) Қазақстан Республикасы Парламенті мен оның палаталарының алдында, республика Үкіметінің отырыстарында ел үшін маңызды мәселелерді талқылау кезінде сөз сөйлеу; Қазақстан халқы Ассамблеясын басқару; Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қауіпсіздік Кеңесінің құрамына кіру құқығы тиесілі.
Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары бойынша әзірленетін бастамалар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентімен - Елбасымен келісіледі.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының заңды қызметіне кедергі жасауға, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентін - Елбасын көпшілік алдында қорлауға немесе оның абыройы мен қадір-қасиетіне өзгедей қол сұғуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының бейнесін бүлдіруге жол берілмейді және ондай әрекеттер заңмен қудаланады.";
5) 2-баптың 1) тармақшасы "Президенті" деген сөзден кейін "- Елбасы" деген сөзбен толықтырылсын;
6) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"3-бап. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне - Елбасына ешкімнің тиіспеушілігі
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне - Елбасына ешкімнің тиісуіне болмайды. Ол өзі Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін орындау кезеңінде жасаған, сондай-ақ олар тоқтатылғаннан кейін - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы деген өз мәртебесін жүзеге асыруға байланысты іс-әрекеттері үшін жауаптылыққа тартылмайды. Оны ұстауға, қамауға алуға, тінтуге, одан жауап алуға не оның жеке басын тексеруге болмайды.
Тиіспеушілік Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне - Елбасына және онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне жеке меншік құқығымен тиесілі барлық мүлікке, сондай-ақ олар пайдаланатын тұрғын және қызмет үй-жайларына; қызметтік көлігіне; байланыс құралдарына; хат-хабарларына; оларға тиесілі құжаттарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне - Елбасына және онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне жеке меншік құқығымен тиесілі мүлікке қандай да бір шектеу қойылмайды.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің банктік шоттарының банктік құпиялығы мен оларға қол сұғылмауына кепілдік беріледі.";
7) 4-баптың бірінші бөлігіндегі "Кеңсесі құрылады" деген сөздер "- Елбасының Кеңсесі құрылады, Кеңсе өз міндеттерін орындау үшін соның алдында ғана жауапты болады" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"9-бап. Қор, мұражайлар, бюстер,
жеке мұрағат және жеке кітапхана
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін орындаған кезеңде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының қорын, жеке кітапханасы мен жеке мұрағатын құрады және қалыптастырады.
Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін тоқтатқаннан кейін жеке кітапхана мен жеке мұрағат Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының меншігіне өтеді.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының туған жерінде және Қазақстан Республикасының астанасында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының мұражайлары құрылады және оның бюстері орнатылады.";
9) 10-баптағы "конституциялық өкілеттігін" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін" деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"12-бап. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының қызметін қамтамасыз етудің қаржыландыру көздері және өзге де мәселелері
Осы Конституциялық заңда көзделген шығыстарды, оның ішінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының қорын толықтыру мен ұстауға және оның үй-жайларын күзетуге, жеке кітапханасы мен жеке мұрағатын сақтауға көзделген шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне - Елбасына және онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне тұрғын үй, медициналық, санаторий-курорттық, көліктік және өзге де қызмет көрсетуді уәкілетті мемлекеттік органдар қамтамасыз етеді.".
2-бап. Осы Конституциялық заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Осы Конституциялық заң Парламент Сенатының Төрағасы Қ.К.Тоқаевтың, Парламент Мәжілісінің Төрағасы О.Б.Мұхамеджановтың, Премьер-Министр К.Қ.Мәсімовтің қолдары қойылып тиянақталғандықтан, ол осы Конституциялық заңның құқықтық әдептілігін және оның заңдылығына аталған лауазымды тұлғалардың заңдық жауапкершілігін айғақтайды.
Астана, Ақорда, 2010 жылғы маусымның 14-і. № 289-ІV ҚРЗ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕЙБІР ЗАҢНАМАЛЫҚ АКТІЛЕРІНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ - ЕЛБАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ САЛАСЫНДА ЗАҢНАМАНЫ ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; №15, 92-құжат; 2007 ж., №1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; 2010 жылғы 21 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2010 жылғы 21 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2010 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мынадай мазмұндағы 166-1-баппен толықтырылсын:
"166-1-бап. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының өміріне қол сұғушылық
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының өміріне оның заңды қызметіне кедергі жасау не осындай қызметі үшін кек алу мақсатында жасалған қол сұғушылық, -
он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өлім жазасына немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
2) 233-баптың ескертуінің 2-тармағы "163," деген цифрлардан кейін "166-1," деген цифрлармен толықтырылсын;
3) мынадай мазмұндағы 317-1 және 317-2-баптармен толықтырылсын:
"317-1-бап. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін - Елбасын көпшілік алдында қорлау және оның абыройы мен қадір-қасиетіне өзгедей қол сұғу, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының бейнесін бүлдіру, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының заңды қызметіне кедергі жасау
1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін - Елбасын көпшілік алдында қорлау және оның абыройы мен қадір-қасиетіне өзгедей қол сұғу, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының бейнесін бүлдіру -
айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден жеті жүзге дейінгі мөлшерінде немесе сотталған адамның екі айдан жеті айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге табысы мөлшерінде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не бес айға дейінгі мерзімге қамауға, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып жасалған нақ сол әрекеттер, -
айлық есептік көрсеткіштің бес жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде немесе сотталған адамның бес айдан он айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге табысы мөлшерінде айыппұл салуға, не бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының заңды қызметіне кедергі жасау мақсатында оған немесе онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне қандай да болсын нысанда ықпал ету -
бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
317-2-бап. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне - Елбасына ешкімнің тиіспеушілігі кепілдігін бұзу
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне - Елбасына және онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне ешкімнің тиіспеушілігі кепілдігін, оның ішінде мүлкіне, тұрғын және қызметтік үй-жайларына, жеке және қызметтік көлік құралдарына, хат-хабарларына, олар пайдаланатын байланыс құралдарына қол сұғылмаушылық кепілдігін, банктік шоттарының банктік құпиялығы мен қол сұғылмаушылығы, сондай-ақ оларға тиесілі құжаттарға қол сұғылмаушылық кепілдігін қандай да болсын нысанда бұзу, -
бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.".
2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 15-16, 62, 63-құжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 71, 73-құжаттар; № 17, 81, 83-құжаттар; № 23, 113, 115-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат):
1) 58-баптың бірінші бөлігі "166," деген цифрлардан кейін "166-1," деген цифрлармен толықтырылсын;
2) 192-баптың бірінші бөлігі "306-бабында," деген сөздерден кейін "317-1-бабында, 317-2-бабында," деген сөздермен толықтырылсын;
3) 301-баптың 3-1-бөлігі "166," деген цифрлардан кейін "166-1," деген цифрлармен толықтырылсын;
4) 543-баптың бірінші бөлігі "166," деген цифрлардан кейін "166-1," деген цифрлармен толықтырылсын.
3. "Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы" 1995 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 19, 118-құжат; № 23, 142-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184, 190-құжаттар; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 13-14, 144-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2010 жылғы 21 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2010 жылғы 8 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1-2-баптың 2-тармағында:
6) тармақша "Президенті" деген сөзден кейін "- Елбасы" деген сөзбен толықтырылсын;
7) тармақшадағы "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының" деген сөздермен ауыстырылсын.
4. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 23, 143-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 18, 366-құжат; 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 21, 782-құжат; 2001 ж., № 10, 121-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2003 ж., № 15, 131-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 94-құжат; 2009 ж., № 23, 111-құжат):
1) 11-баптың үшінші абзацы "Президенті" деген сөзден кейін "- Елбасы" деген сөзбен, "Первый Президент Республики Казахстан" деген сөздерден кейін "- Лидер Нации" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 12-1-баптағы "Тұңғыш Президенті" деген сөздер "Тұңғыш Президенті - Елбасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 34-баптағы "Тұңғыш Президенті" деген сөздер "Тұңғыш Президенті - Елбасы" деген сөздермен ауыстырылсын.
5. "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы" 2001 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 15-16, 223-құжат):
тақырып пен мәтін "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің", "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті" деген сөздерден кейін тиісінше " - Елбасының", " - Елбасы" деген сөздермен толықтырылсын.
6. "Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы" 2008 жылғы 20 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 17-18, 70-құжат):
7-баптың 2-тармағы "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне" деген сөздерден кейін "- Елбасына" деген сөзбен толықтырылсын.
2-бап. Осы Заң, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1 және 2-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Осы Заң Парламент Сенатының Төрағасы Қ.К.Тоқаевтың, Парламент Мәжілісінің Төрағасы О.Б.Мұхамеджановтың, Премьер-Министр К.Қ.Мәсімовтің қолдары қойылып тиянақталғандықтан, ол осы Заңның құқықтық әдептілігін және оның заңдылығына аталған лауазымды тұлғалардың заңдық жауапкершілігін айғақтайды.
Астана, Ақорда, 2010 жылғы маусымның 14-і. № 290-ІV ҚРЗ
P.S. Сонымен даулы заң қитұрқы жолмен қабылданды, күшіне енді. Біздің түсінігімізде бұл заң елімізді де, елбасымызды жарылқамайды. Ол биліктің күштілігін емес, әлсіздігін паш етті. Бұл үміттің емес, үрейдің заңы. Қазақтың осы заңға байланысты пікірін айқын біліп, түсінгендіктен, бұл мақаланың астындағы комменттерді жауып тастауға мәжбүрміз. Наразылығымызды енді үнсіздікпен білдіретін болдық.