Сәрсенбі, 30 Қазан 2024
Жаңалықтар 3518 0 пікір 12 Қаңтар, 2016 сағат 11:05

СИРИЯДАҒЫ ӨЗБЕКТЕР ЖАНКЕШТІ ТОПТЫ КӨРСЕТТІ

Интернетте «Таухид әл-Жихадтың» алты женкештісінің бомба қойылған БТР-дегі бейне таспалары жарияланды.

Онда олар өзбек тілінде «Алланы риза ету үшін» кетіп бара жатқандарын айтады.

Бұл бейне таспада содырлардың аттары аталмайды. Сонымен бірге бұл азаматтардың не Өзбекстан не Қырғызстан азаматтары екені белгісіз.

Ал бұл уақытта Қырғызстанның күштік құрылымдары елінің оңтүстігінде «Таухид әл-Жихад» экстремистік ұйымының он адамы ұсталғаны жөнінде ресми хабар таратты.

Кейбір деректер бойынша, «Таухид әл-Жихад» 2014 жылдан бері президент Башар Асад әскеріне қарсы күресіп келе жатқан Сириядағы өзбектерден құралған арнайы содырлар тобы.

Интернетте өздерінің арнайы логотипімен парақша ашқан аталған топ өзбек ұлтының өкілдерін өздерінің қатарларына қосуға белсенді жұмыс жасап келеді. ​Оның лидері Әбу Салах әлеуметтік желіде суретін жиі жариялайды.

The Long War Journal эксперті Калиб Вэйс аталған топ сарапшылардың назарына 2014 жылдың 28 желтоқсанында YouTube-қа бірінші видеосын жариялаған соң іліккен. Калиб Вэйстің жазуынша, басында «Жабхат-ән-Нусра» тобында соғысқан өзбектер кейін Әбу Салахтың басшылығымен өздерінің «Таухид әл-Жихад» ұйымын құрған.

Абай-ақпарат

0 пікір