Сенбі, 23 Қараша 2024
Мәйекті 7919 0 пікір 11 Қаңтар, 2016 сағат 10:05

ТҰТАСТЫҚ ПЕН ЖАҢҒЫРТУ – МӘҢГІЛІК ЕЛ МҰРАТЫ

Тәуелсіз елімізде қол жеткізген жетістіктеріміз қоғам мен билік арасындағы берік байланыс пен азаматтық қоғам институттарының өзара әріптесттік қызметі арқасында табысты іске асты. Елбасы әрқашанда алдымен экономика кейін саясат екендігін үнемі айтып келеді. Бұл ұстаным бүгінгі геосаяси және геоэкономикалық мүдделер қақтығысы және әлемдік қаржылық дағдарыс жайлаған алмағайып заманда бірден –бір дұрыс шешім екендігін уақыт көрсетіп отыр. Елбасының «Ұлт Жоспары-қазақстандық арманға бастайтын жол» атты бағдарламалық мақаласы әлемдік экономикалық, саяси ахуалдың күрделі жағдайында Мәңгілік Елдің асқақ асыл арманы мен айқын мұратын шындай түсіп дүниежүзілік қоғамдастықта еліміздің мерейін үстем ететін тұғырнама.
Елбасы «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н. XVI съезінде сөйлеген сөзінде Мәңгілік Ел үшін қажетті бес реформа туралы «бес институттық реформалар – ел дәл осындай ізділікпен өтуі тиіс бес қадам. Тек осындай жағдайда ғана біздің реформаларымыз тиімді болады, ал қоғам мен мемлекет біртұтас және тұрақты болады. Нақ осындай жолдан барлық табысты мемлекеттер өткен» деп атап көрсеткен болатын. Мәңгілік Ел мұратына жетуге апаратын бес қадам елдің тұрақты дамып, сын-қатерлерді бірлесе енсеруін айқындайды. Бес инстиуттық реформаның мақсаты-елімізді әлемнің өркендеген 30 мемлекетінің қатарына енгізу. 2016 жылдың 1 қантарынан бастап бес инстиуттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 - нақты қадам Ұлт жоспарын орындаудың практикалық кезеңі басталды. Ұлт Жоспары -еліміздің саяси, экономикалық және әлеуметтік,рухани кемелденуінің іргетасы. Бұл еліміздің өркениеттік және жалпы адамзаттық құндылықтарға құрметпен қарайтындығын дәлелдейді. Саяси мәдениет бұл қоғамдағы түрлі әлеуметтік,саяси,діни топтардың өзара келісімде және өзара түсіністікте өмір сүріп бірлесе әрекет етуін білдіреді. Әлемнің кейбір елдерінде орын алған саяси текетірестер мен дінаралықжәне ұлтаралық кикілжіңдер бұл қоғамдағы азаматтық институттардың жетімсіздігінен туындап отырғаны жасырын емес. Саяси шешімдер алауыздықтың емес қоғамдық келісім мұратына қызмет етуі тиіс. Әлемнің кейбір елдерінде орын алған саяси текетірестер мен дінаралық және ұлтаралық кикілжіңдер бұл қоғамдағы азаматтық институттардың жетімсіздігінен туындап отырғаны жасырын емес. Елбасының жарлығымен құрылған қоғамдық кеңестер қоғамның өзін-өзі реттеуі мен жергілікті өзін басқару механизмін дамыту арқылы адам әлеуетін артырып, азаматтардың саяси мәдениеті мен шешім қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтуге жол ашады.Жаңғыртулар жөніндегі ұлттық комиссия реформалардың шынайы іске асуының заңнамалық және ұйымдастыру тұрғысынан қамтамасыз етеді.
Мемлекет пен қоғамның гүлденуіне және өркениеттік жолмен дамуына негіз болатын ел ішіндегі тұрақтылық, дінаралық келісім және ұлтаралық сыйластық қағидаттары – еліміздің сара саясатының жемісі.
Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметі Мәңгілік Елдің этностарын бір ортақ арманға ұйыстыруда.Ассамблея Ұлт Жоспары аясында этносаралық қатынас нығаюына негіз болатын барша қазақстандықтарды ортақ азаматтық бірегейлік рухында біріктіретін тұғыр .Елбасы«мемлекет құрудың жаңа белесінде ұлт біртектілігі мен біртұтастығыннығайтудағы біздің стратегиямызда қағидатты маңызды сәт бар.Біртектілік пен біртұтастық бо¬йынша бүкіл жұмысты біз Қазақстан хал¬қы Ассамблеясы айналасында түзетін боламыз. Ол шешуші қағидат» - [2]–деп мемлекет үшін тұтастық пен біртекті азаматтықұстаным маңызды бұлжымас қағидат екендігін атап көрсетті.
Мәңгілік Елдіңсаяси,әлеуметтік,экономикалықжаңғыруы мен рухани түлеуі инновациялық индустрияландыру, заманауи ғылымды қажет ететін экономиканы қалыптастыру, мемлекетті кәсібилендіру, құқықтық санаға негізделген тәртіп пен заңдылыққағидатын орнату, үнемді энергия көздерін қолдану менэкономиканың өңдеуші секторын ұлғайта отырып, сыртқы инвестициялардың жаңа көздерін ұтымды тарту және еңбек қатынастарының жаңа түрін еңгізу арқасында жүзеге аспақ. Қазақстандық ортақ арманды іске асыру жолында баршамыз азаматтық белсенділігімізді танытып жұмыла еңбек етуіміз қажет.Бұл реформалар мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын жаңғыртуға бағытталғандықтан еліміздің жарқын болашағы жастарды Мәңгілік Ел идеясықұндылықтары негізінде тәрбиелеу және білім беру қазақстандық арманың іске асуының кілті деп білеміз .

1. Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың партияның XVI съезінде сөйлеген сөзі//Егемен Қазақстан.12.03.2015.
2.Н.Ә.Назарбаев.Ұлт Жоспары-қазақстандық арманға бастайтын жол.//Егемен Қазақстан.6.01.2016.

Бағдат Бейсенов
Философия ғылымдарының докторы,.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
Дінтану және мәдениеттану кафедрасының доценті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3243
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5395