Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
Жаңалықтар 4126 0 пікір 6 Қаңтар, 2016 сағат 10:25

ДАНФОРД: РЕСЕЙ ӘРЕКЕТІ ПРОБЛЕМА ТУҒЫЗЫП ОТЫР

АҚШ-тың Штаб басшылары біріккен комитетінің төрағасы, генерал Джозеф Данфорд Ресей қылығы Құрама Штаттар үшін және оның одақтастарына проблема туғызып отыр деп мәлімдеді.

Дүйсенбі күні ұлттық қауіпсіздік жөніндегі Ресейдің жаңа стратегиясына қатысты сұрақтарға жауап берген генерал Данфорд Мәскеудің позициясы Ресей тарапынан төнетін қауіп жөніндегі көзқарасын өзгертпейтінін айтты.

Алдын НАТО-ның кеңейуі мен нығайуын Мәскеу бұл Ресейге жасалған қауіп деп баға берген болатын.

Генералдың сөзінше, ол Мәскеудің әрекетіне байланысты өзінің байламын жасап отыр. Ресейдің Украинаға, Қырымға және Грузияға жасаған әрекеттеріне қарап, Вашингтон Мәскеудің әскери мүмкіндігіне байыппен қарайды деп мәлімдеді Джозеф Данфорд.

АҚШ-тың Штаб басшылары біріккен комитетінің төрағасы қазан айынан бері қызметке кіріскелі бері Ресейдің Қарулы күштері бас штабының басшысы Валерий Герасимовпен екі рет сөйлескенін және ресейлік әріптесімен тұрақты байланыста болу жоспарында бар екенін айтты. 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 818
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 3054
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 2075