Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4244 0 пікір 5 Қаңтар, 2016 сағат 07:00

АУҒАНСТАНДА ҮНДІ КОНСУЛДЫҒЫНА ШАБУЫЛ ЖАСАЛДЫ

Ауғанстанның Мазар-и-Шариф қаласында Үндістан консулдығы ғимараты жанында содырлар мен қауіпсіздік қызметкерлері арасында шайқас жалғасып жатыр. Бұған дейін ол жерде екі жарылыс болғаны туралы ақпарат тараған.

Дипломатиялық өкілдікке шабуыл қаңтардың 3-і күні, қас қарая басталған. Балх уәлаяты билігі өкілінің айтуынша, шабуылдың беті қайтарылған, бірақ бірнеше содыр көрші ғимаратқа бекініп алып, қарулы қарсылық көрсеткен. Оқиға барысында кемінде бір бейбіт тұрғын жараланған. Қаза тапқандар мен жаралылар туралы әзірше нақты мәлімет жоқ.

Ауғанстандағы Үндістан елшісі Амар Синха Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында «консулдық қызметкерлері қауіпсіз жерде» деп хабарлаған.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373