"ЖАҢА ӘЛЕМ ХАКЕРЛЕРІ " ИНТЕРНЕТТЕГІ ЖІКШІЛДІККЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖАРИЯЛАДЫ
Сегіз еркек пен төрт әйел хакерлік мүмкіндіктерін желтоқсанның 31-де британдық Би-би-си медиа корпорациясының сайттарын «бұзу» арқылы сынап көрген.
Хакерлік шабуылды New World Hacking ("Жаңа әлем хакерлері") хакерлер тобы мойнына алған.
Би-би-сидің хабарлауынша, топ көптеген елде тыйым салынған «Ислам мемлекеті» ұйымына қатысты интернеттегі белсенділікті бақылаумен айналысады. Хакерлер желіні жікшілдермен ымыралас болуы мүмкін сайттардан тазартуды көздейді-міс. Хакерлер өкілінің айтуынша, 12 адамнан тұратын топ 2012 жылдан бері әрекет етуде.
Би-би-си баспасөз қызметі компания сайттарының жұмысындағы ақауға хакерлердің және өзге де біреулердің қатысы барлығы туралы мәлімдемелерге түсініктеме бермейтінін жеткізді. Жаңа жылдың алдында қолданушылар бірнеше сағатқа Би-би-си сайттары мен iPlayer қызметіне кіре алмай қалған болатын.
Abai.kz