Сенбі, 23 Қараша 2024
Мәйекті 8206 0 пікір 2 Қаңтар, 2016 сағат 10:52

ТЕЛЕАРНАЛАРДА НЕ ЖАҢАЛЫҚ?

Дәстүр бойынша телеарналар қыркүйек айынан бастап көрермен аудиториясына жаңа бағдарламалар ұсынып жатады. Алайда, жұрт күнтізбелік ресми Жаңа жылдан кейін де телекөрсетілімдер шеруінен жаңалық күтетіні бар. Осыны ескеріп біз «Қазақстан», «Хабар», «31 арна», «КТК», «Астана» арналарын шолып шықтық. Алайда, пәлендей жаңалыққа көзіміз сүріне қоймады.

Қай арнада болмасын жаңа маусымнан, яғни 2015 жылдың қыркүйек айынан басталған бағдарламалар мен телехикаялар жалғасын тауып жатқанға ұқсайды. Ол үшін аталған арналардың вебсайттарын шолып шықсаңыз да жететін сияқты. Алайда, қазақстандық арналардағы телесериялардың қатары тағы бір үнді фильмімен толықпақ.  Қаңтардың 4-нен бастап «31 арнада» «Киелі неке» атты үнді телехикаясы көрерменге жол тартады. Телехикая туралы аталған арнада мынандай шағын аңдатпа тұр:  «Махаббат екі адамның арасындағы сезімнен туады. Алайда, үшінші біреуге жүректен орын жоқ екені белгілі. Бірақ, сүйген ғашығы үшін күресу көптің қолынан келмейді. Бұл үнді хикаясында үш жанның өзгелерге ұқсамайтын тағдыры суреттеледі».

Өз қаржысына "Адасқандар" тарихи комедиясын, жастарға арналған "Ай ти молодец", "Нархоз 2" сериалдары мен "Бригада"  хикаяларын түсіріп, көш бастаған «31 арна» 2015 жылды жалпы табысты қортындылады. Арнаның «Информбюро» жаңалықтар қызметі алдыңғы орынға шықты. Әйтсе де, «Біз қазақтілді аудиторияның мүддесі үшін жұмыс істейміз» деп жүрген арна басшысы Бағдат Қожахметов қазақтілді көрерменді «Киелі некенің» қызығына кенелтпек.

Еліміздегі телеарналардың топ-менеджерлері қаржы шығындап, телехикаялар түсіргеннен гөрі дайын үнді, корей, вьетнам, филиппин, т.б. сериалдарын сатып алған әлдеқайда тиімді деп есептейді. Солай дегенменде, отандық арналар көрерменге өз ортамыздың, өз қоғамымыздың өмірін телехикаялар тілінде сөйлетуге талпыныс жасап жатыр. Бастапқы нәтиже жаман емес. Тіпті, жақсы деп те айтуға  болады. Оны біз «Қазастан» Ұлттық арнасындағы телесериалдар тізбегінен байқаймыз. Тұтынушы емес, өндіруші телеарнаға айналып келе жатқан «Қазақстан»  арнасы көрермен қауымды тағы да жаңа сериалдар топтамасымен қуантпақ. 9 қаңтардан бастап «Қазақстан» арнасы «Өмірдің өзі новелла» атты көпсериалы телехикая ұсынады деп хабарлайды «Қазақстан» РТРК» АҚ баспасөз-қызметі.

«Өмірдің өзі новелла» - бұл лирикалық, драмалық және өмірдегі терең ойландыратын оқиғалардан құралған. Сериалдың өнегелі тәрбиелік мәні бар. Көрермендер алдында жарқын әрі әсерлі оқиғаларға толы қоғам өмірінен алынған жекеленген өмір парақшалары ашылады. Әрбір серия адамзат өмірінде кездесетін ата-ананы сыйлау, достық, адалдық, сатқындық, рақымшылық, дәстүрге құрмет секілді өзекті мәселелерді қозғайды.

Киноновелла топтамасы өздігінше 24 бөлек фильмерден құрастырылған, оның әрбіреуі қай жағынан не күтіп тұрғанын білмейтін шытырман оқиғалардан тұрады. Оқиғалар желісі бір бірімен тікелей байланыспағанымен  әрбір эпизод бірегей стильді ұстанған. Фильмде кейіпкелердің әртүрлі мінез-қылықтары араласқан оқиғаларға толы. Сериалдың айрықша ерекшелігі сол, «Өмірдің өзі новелла» телехикаясы –  ұзаққа созылатын қызықсыз сюжеттерден құрастырылмаған.

Сериал отбасылық болып табылады және барлық жастағы көрермендерді қызықтырады деген ойдамыз. «Қазақстан» арнасында сериалдың көрсетілімі 9 қаңтардан басталады дейді «Қазақстан» РТРК» АҚ баспасөз-қызметі.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371