Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4872 0 пікір 23 Желтоқсан, 2015 сағат 08:58

ЖАҚСЫ ТЕНДЕНЦИЯ

Жақсы тенденцияны байқадым. Өзге диаспора өкілі, бірақ еліміздің азаматтары Қазақстанның мүддесін қорғап бастады, бәрі емес әрине, дегенмен қоғамдық пікір қалыптастыра алатын азаматтар батыл түрде ойларын бөлісіп жатыр.

Әсіресе, Ресейдің бізге қатысты экономикалық болсын, ақпараттық болсын саясатына ашық қарсылық білдіргендер бар. (Ресей масс медиасының экспансиясы, ортақ валюта туралы ұсыныс т.б. ). Біздің қоғамға, әсіресе қазақтарға осы жайтты ойлану керек. "Ресей орыстар үшін" дейтін сынды "Қазақстан қазақтар үшін" деген ұранды айту - түсінген адамға аса қауіпті. Мынаны біліп алайық, адамда Қазақстан паспорты бар болса болды, ол осы елдің қорғауында, ұлтына, дініне т.б. қарамастан бәріміздің құқығымыз тең. Енді бізге "қазақ емессің" деп көкіректен итергенді тоқтату маңызды. Мемлекеттік тілді білмесе де осы елдің патриоттары жетерлік, олар ақырын болсын қазақ тілін үйреніп алатынына сенемін, тіпті болмағанда ұрпағы білетін болады. Түбі мемлекеттік қызметке тілді білмесең алмайтын деңгейге жетеміз. Бізде бағалаудың бір ғана критерийі болуы тиіс сынды, ол - Қазақстанның патриоты ма, әлде емес пе. Әлем тарихында өзге ұлттың өкілі болса да өз елінің дамуына өлшеусіз еңбек еткен тұлғалар көп-ақ.

Руслан Желдібай

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435