Иранның Амирабадындағы қазақстандық астық терминалы осы аптада ашылады
Астана. 16 маусым. ҚазТАГ - Айгүл Түлекбаева. Иранның Амирабад айлағындағы қазақстандық астық терминалы осы аптада ашылады, деп мәлім етті ауыл шаруашылық вице-министрі Арман Евниев.
«Осы уақыт бойы біз қол қусырып отырған жоқпыз, астық қоймаларының жаңа қуаттары іске қосылып, экспорттың инфрақұрылымы құрылып жатыр. 19 маусымда бірлескен жоба - Иранның Амирабад айлағындағы астық терминалының ресми ашылуы болады. Яғни, экспорттың ирандық бағыты кеңейе түседі», - деді А. Евниев сәрсенбі күні баспасөз мәслихатында.
Сонымен қатар, ол биыл елдің батысында Бейнеу станциясында элеватор пайдалануға берілетінін жеткізді. «Ол жерде диірмен кешені де салынады. Ол да Иран бағытындағы жеткізілімдерге бағдарланған», - деді А. Евниев.
Бұрын ҚР астық одағының президенті Нұрлан Тілеубаевқа сілтеме жасап хабарланғандай, Иран екінші жыл қатарынан ай сайын 350 мың тонна бидайға қажеттілігін төлем қабілеттілігімен қуаттап келеді. «Бірақ біз қазір айына 80-85 мың тонна ғана бере аламыз. Яғни сұраныс ұсыныстан артық. Иран халқының бидай тұтыну көрсеткіші өсіп келе жатқанын ескерсек, Иран жылына 3,5 млн тонна астық алады деп нақты айтуға болады», - деген еді Н. Тілеубаев 1 сәуірде халықаралық астық конференциясында.