Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5186 0 пікір 18 Желтоқсан, 2015 сағат 09:24

ҚУАН ДЕЙДІ, ТОЙЛА ДЕЙДІ ОЛ МАҒАН...

Қуан дейдi, тойла дейдi ол маған,
Жоқ сияқты түк қайғым.
Алматыңыз толған думан, толған ән,
Бұл не дырду – ұқпаймын.

Қуан дейдi, тойла дейдi жұртқа ұсап,
Күнә дейдi жырламау.
Менiң жаным қырық жамау, қырық пышақ,
Оны бiлер кiм бар-ау?!

Оңашаны ұнатам,
Дариғашыл дарақылау ғасырда.
Қазақстан емес шығар мына Отан,
Қазақ емес шығармын мен, расында.

Бiрге күлiп сендермен,
Ода жазсам қайтер едi олла деп.
Бұрылғым-ақ келгенмен,
Бiр қырсық бар, жiбермейдi сол нәлет.
Нәлет бiздiң жүрiске.

Есенғали Раушанов

Айбол Исламғалиевтің Facebook-тегі парақшасынан алынды

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5489