Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 4046 0 пікір 17 Желтоқсан, 2015 сағат 11:44

ТҮЛКІБАСТА ЖАҢА НЫСАНДАР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

Бүгін ҚР Тәуелсіздік күніне орай Түлкібас ауданында 7 әлеуметтік  нысан ашылып, ел игілігіне берілді.  

 

Атап айтсақ, Састөбе поселкесінде 100 орындық «Төрежен» балабақшасы ашылды. Әлеуметтік нысан «Балапан» бағдарламасы бойынша мемлекет пен жекеменшік әріптестігі негізінде іске қосылып отыр.  Жергілікті 30 азаматы жұмыспен қамтылған балабақшада 25 баладан, 4 топ ашылып отыр. Халық саны 6068 мың құрайтын Састөбе поселкесінде осымен 3 балабақша болып отыр. Жалпы құны 41 млн теңге жұмсалған балабақшаны жеке кәсіпкер М.Ақылтаев тұрғызған. Аталған балабақшада   ойын алаңдары, жатын  бөлмелер, оқу сыныптары,  бейнелеу өнері залдары  заманауи талаптарға сай жабдықталған.  Жалпы ауданда   мектепке дейінгі баламен қамту  88,8% пайызды құрады. 

Сондай-ақ Кемербастау ауылдық округіне қарасты Алғабас ауылында жаңа қазіргі заманға сай барлық құрал жабдықпен қамтамасыз етілген медициналық пункт ел игілігіне берілді.   Медициналық нысанның құрылыс жұмыстарына облыстық бюджеттен 47 млн. теңге қаржы жұмсалған. Мердігер  «Бәйтерек-4» мекемесі.

Сонымен қатар, Майлыкент ауылында да фелдьшерлік акушерлік пункт пайдалануға берілді. Құрылыс жұмыстарына облыстық бюджеттен 46 млн. теңге қаржы жұмсалған.

Сондай-ақ, Кершетас ауылы мен М.Жәрімбетов ауылында ауыз су ел игілігіне берілді. Су құрылыс жұмыстарын мердігер «Строй сервис жол» ЖШС жүргізген. Құрылыс жұмыстарына 161 млн 700 мың теңге қаржы жұмсалған.

Сонымен қатар, Т.Рысқұлов ауылындағы  «Жанкент» мөлтек ауданында облыстық бюджеттен инфақұрылым жұмыстарына 186 млн қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары толық аяқталып, мөлтек ауданда газ, ауыз су, электр энергиясы толық шешмін тапты.

Сондай-ақ, Т.Рысқұлов ауылында «Алатау» медициналық қызмет көрсету орталығы ел игілігіне берілді. Медициналық орталыққа 430 млн қаржы жұмсалған. 23 дәрігер мен жалпы 100-ге тарта жұмыс атқаратын    медициналық нысанда қызметтің барлық түрін көрсетеді. 

Айта өтейік, аудан әкімі Қ.Абдуалиев аудан аумағында ашылып жатқан әлеуметтік нысандар ел игілігі жолында атқарылып жатқан жұмыстар екендігін айта келіп, алдағы уақытта дәл осындай нысандар ашылатынын жеткізді.   

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502