Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4157 0 пікір 15 Желтоқсан, 2015 сағат 10:12

АНКАРА МӘСКЕУМЕН ҚАТЫНАСЫН ШИЕЛЕНІСТІРГІСІ КЕЛМЕЙДІ

Ресей қорғаныс министрлігінің Эгей теңізіндегі ресейлік әскери кеменің түрік балық аулау кемесіне қарата ескерту оқ атқаны туралы таратқан мәлімдемесінен соңғ Түркия СІМ басшысы Мевлют Чавушоглу осылай деді.

Министр Чавушоглу Анкара әрқашан келіспеушіліктерді қақтығыспен емес, келіссөздер көмегімен шешуді жақтайтынын мәлімдеді. Бұған дейін, Ресейдің қорғаныс министрлігі Түркия елшілігіндегі әскери-теңіз атташені шұғыл шақыртып алғанын хабарлаған болатын.

Түріктің балық аулаушы кемесінің иесі Ресей қорғаныс министрлігінің ресейлік кемеге қауіпті қашықтықта жақындағаны және сейнердің бағытын өзгертуге мәжбүр еткен ескерту оғы туралы мәлімдемесін жоққа шығарады.

Ресей мен Түркия қарым-қатынасы түрік ӘӘК Түркия мен Сирияның шекарасында ресейлік Су-24 бомбалаушы ұшағын атып түсіргенен бері ушығып тұр. Анкара ұшақтың ел шекарасын бұзғанын уәж етеді, Мәскеу бұл айыптауды жоққа шығарады. 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5524