Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 4736 0 пікір 7 Желтоқсан, 2015 сағат 15:59

ОҚО: ТМД БІЛСЕ, ТӨРТКҮЛ ДҮНИЕ БІЛЕДІ ДЕГЕН СӨЗ

– Мен өз шығармаларымда, әсіресе көптеген әңгімелерім мен повестерімде Шымкент атауын «Күн шуақ» деген ұғыммен бірге синоним ретінде қолданамын. Шындығында, Шымкент шаһары шуақты күнімен жалпақ жұртқа әйгілі болған, - дейді жазушы Мархабат Байғұтов. –  Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбав Шымкентке келген бір сапарында: «Бұл өңір шуақты күнімен, халқының жомарттығымен, меймандостығымен, салт-дәстүрге беріктігімен, ең бастысы – еңбексүйгіштігімен ерекшеленеді» деген болатын. Меніңше, қаланың негізгі нышанын анықтағанда күннің кескінін айшықтаған өте дұрыс.

Расында, Оңтүстік Қазақстан облысы елімізде алар орны ерекше аймақтардың бірі. Дін мен дәстүрдің қаймағы сақталған саңлақ аймақтардың қатарында екендігінде дау жоқ. Орталығы болған Шымкент қаласының бүкіл Қазақстанға, тіпті бүкіл әлемге аты мәшһүр. Шымкент десе елең ете қалмайтын ел жоқ. Шымкенттіктер десе қорқа қарайтын да, қызыға қарайтын да жұрттар бар. Айтары жоқ, расында Шымкент жақтың тұрғындары кең пейілді, ақ жарқын, барған жеріне тез сіңісіп кете алатын жандар. Шыққан жерінің қасиетінен бе, әйтеуір бір иығын өнерге берген өнерпаздардың көбісі сол аймақтан шығады. Бұл жағынан қызыға да, қызғана қарайтынын жасырмайтын ағайындарды да кездестірдік. Оңтүстіктің тұрғындары елдің демографиясының өсуіне сүбелі үлес қосып келеді. Бұл өңірде туу көрсеткішінің жоғары болуы діні мен дәстүрін тиянақты ұстағанынан болар.

«ТМД және ЕурАзЭС-тің таңдаулы қаласы» атты ІІІ халықаралық қалалар байқауының қорытындысы бойынша барлық талап биігінен көрінген шырайлы Шымкент өткен жылы «Үздік қала» атағына ие болды. Шараны Халықаралық астаналар және ірі қалалар қауымдастығы, ТМД-ның атқару комитеті ЕурАзЭС, Ресейдің өңірді дамыту министрлігі мен Бүкілресейлік жергілікті өзін-өзі басқару кеңесі ұйымдастырған. Арнаулы дипломды сол кезде Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Берік Оспанов қала әкімі Арман Жетпісбаевқа салтанатты түрде табыс етті. Берік Оспанов өз сөзінде: «Бұл награда біздің қаламызға шаһар тұрғындарын аула, кіреберіс тазалығын сақтауға және көпқабатты үйлердің ішкі алаңдарын көркейтуге, қоқыс жинауға және жылу беру маусымына дайындық жұмыстары жоғары дәрежеде ұйымдастырылғаны үшін беріліп отыр» деп атап өтті. Шымкентті әлемге әйгілі деуіміздің де түп төркіні осында жатыр. Шымкентті ТМД білсе, ары қарай күллі әлем естиді деген сөз.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5472