"СОВЕСТЬ" ДЕГЕН БОЛУ КЕРЕК ҚОЙ
ХҚО-дағы Көші-қон қызметкері (жастау келіншек): Уже база не работает! Где вы раньше ходили? Все! Идите в понедельник придете!
Орысша түсінбегеніне қарағанда шеттен келген қандасымыз: Ана кіре берістегі қыз толтырып берді, міне, қағаздар. 6 адам тіркелеміз, төртеуі бала.
Көші-қон қызметкері: Я же вам сказала в понедельник подойдете!
Көрші үстелдегі тағы бір көші-қон қызметкері (жасамыстау келіншек): Тіркеп бере салсаңшы. Талонына қарашы 1 жарым сағат бұрын алған. Күнде осылай қулық жасайсың. Сенбіде сағат 13.00-ге дейін талон алғандардың бәріне қызмет көрсету міндетің. Қазір осы шаруаны бітірмесең бастыққа звондаймын!
Көші-қон қызметкері (жастауы): Енді қағаздарын жинап кеткелі тұрған адамдар еді ғой. Сенің нең күйіп барады. Дүйсенбі келейін деп кетуге жиналып жатыр еді. Менде не ақың қалды-ей! Звондасаң звондай берш! Өзің жаса осылардың шаруасын!
Көші-қон қызметкері (жасамыстауы): Жасасам жасаймын, 5 минут қой. Бірақ, есіңе саламын, мен 6 адамды қабылдаған уақытта сен бір адамды ғана жібересің. Осының сұрауы болады! Оны айтпағанда адамгершілік, "совесть" деген болу керек!
Пысы: Халыққа қызмет көрсету орталығында кезек күтіп тұрып екі қызметкердің "айтысына" еріксіз куә болдық. Ішіміз пысқан жоқ!
Индира Тұрсынбай
Facebook-тегі парақшасынан