Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 7655 0 пікір 29 Сәуір, 2016 сағат 09:50

БҰҰ: Сириядағы жағдай "алапат деңгейде" ушықты

БҰҰ-ның Сириядағы гуманитарлық миссиясының басшысы Ян Эгеланд соңғы 48 сағатта Алеппо мен Хомстың бөліктерінде «апатты жағдайдың» қалыптасқанын мәлімдеді.

Әуе шабуылдарының салдарынан аурухана мен бірнеше ғимарат қирап, 60-тан астам адам қаза тапты. Эгеландтың сөзінше, дипломаттар қыл ұшындағы бітімгерлікті қалпына келтіруге тырысып жатқан кездегі «келесі күндер мен сағаттардың қаншалықты қымбатқа түсетінін сөзбен жеткізу қиын.».

«Шекарасыз дәрігерлердің» өкілдері Алеппо ауруханасында қаза тапқан 30 адамның 14-і науқас және алтауы аурухана қызметкері екенін айтады. Сирия үкіметтік әскерінің қолбасшылығы аурухананың нысана ретінде әдейі таңдап алынғанын жоққа шығарады. Syrian Observatory for Human Rights ұйымының мәліметінше, келесі қалашықта болған тағы бір әуе шабуылының кесірінен 20 адам көз жұмған. 22 көкектен бері қайта ушыққан текетірестен қаза тапқан бейбіт тұрғын саны 150-ге жетті.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963