Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4666 0 пікір 28 Сәуір, 2016 сағат 16:28

АҚШ РЕСЕЙДІҢ «ҚАРА ТІЗІМІНЕ» ҚАРСЫ

Ресей «Ислам мемлекеті» (ИМ) және «әл-Қаида» террорлық топтарымен байланысы бар деген күдікпен сириялық «Джейш әл-Ислам» және «Ахрар әл-Шам» көтерілісшілер тобын БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің «қара тізіміне» енгізуді ұсынды.

Ресейдің 27 көкекте берген өтінішін қауіпсіздік кеңесінің 15 елдің өкілінен тұратын ИМ және «әл-Қаида» жөніндегі комитеті қолдаса, 11 мамырда күшіне енеді. Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Виталий Чуркин: «Бұған Сирияда соғысып жатқан осы ұйымдардың террорлық ұйымдармен, оның ішінде ДАИШ (ИМ) және «әл-Қаидамен» тығыз байланысы туралы деректердің көп болуы себеп болды», — деп мәлімдеді.

БҰҰ жанындағы Вашингтон миссиясы бұл Сириядағы соғыс қимылдарын тоқтатуға бағытталған әрекеттерді әлсіретуі мүмкін деп санап, бұл ұйымдарды «қара тізімге» қосудан аулақ болуға кеңес берді.

Америкалық миссияның өкілі Эдгар Васкез:«“Джейш әл-Ислам” және “Ахрар әл-Шам” секілді соғыс қимылдарын тоқтату ережесіне мойынұсынған екі топты тізімге қосу жергілікті жердегі шиеленісті басуға бағытталған әрекеттеріміз бен оқ атуды тоқтату бойынша қимылдарға орны толмас зардап әкеледі», — деп мәлімдеді.

Виталий Чуркин бұл топтардың бітімгерлікті сақтап отырғанына және Женевадағы бейбіт келісімдерге үлес қосып жатқандарына күмән келтірді. Бұл топтар «қара тізімге» енгізілген жағдайда оларға қатысты оқ атпау тәртібі жүрмейді және олар бейбіт келіссөздерге қатыса алмайды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5338