Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3252 0 пікір 21 Маусым, 2010 сағат 03:26

Нұртай Сабильянов: «Алтын белгі» бермеу балалардың сағын сындырып, тастамасын

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің  жалпы отырысында  депутат Нұртай Сабильянов Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаевқа сауал жолдады.

Қазіргі уақытта орта мектеп түлектерінің ұлттық бірыңғай тест тапсыруына байланысты бірқатар мәселелер туындап отыр.

Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысы Семей, Аягөз, Зайсан қалаларынан, Жарма ауданынан келіп жатқан хаттарда  азаматтар мектеп түлектерінің ұлттық бірыңғай тест тапсырған кезде 1 балл жетпей қалуына байланысты «Алтын белгі» ала алмай отырғанын жазған.

Мысалы, 1) Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Үшбиік ауылындағы орта мектеп түлегі Қалиханов Қуаныш ҰБТ-да  103 балл жинаған. Ал, орыс тілі бойынша 17 балл алып, «Алтын белгі» алуға 1 балл жетпей қалған. Орыс тілі пәнінің №19 сұрағының жауабын қазақ тілінде оқитын мектептер үшін арналған кітапқа сәйкес дайындалғандықтан сол кітаптағыдай жауап берген. Аудандық апелляциялық комиссия Қ.Қалихановты қолдағанымен, республикалық апелляциялық комиссия оны қолдамаған.

2) Семей қаласы №37 гимназиясының түлегі - Есембаева Әсем ҰБТ-да 119 балл жинаған. Бірақ қазақ тілінен 1 балл жетпегендіктен, «Алтын белгіге» іліне алмаған.

3) Семей қаласы №16 орта мектебінің түлегі Еңлік Серікболқызы ҰБТ-да 112 балл жинаған. Бірақ, математикадан 1 балл жетпей қалғандықтан, «Алтын белгі» ала алмайтын болып отыр.

4) Зайсан қаласының М.Ломоносов атындағы орта мектептің түлегі - Жанабаев Мәди ҰБТ-да 115 балл жинаған. Бірақ, математикадан 1 балл жетпей қалғандықтан, оған «Алтын белгі» берілмейтін болды.

11 жыл бойы өте жақсы бағалар алған, үздік оқыған түлектерге 1 балл жетпегендіктен «Алтын белгі» бермеу балалардың сағын сындырып, өмірге, оқуға деген талпынысын, ұмтылысын жоққа шығармайды ма деген сұрақ туындайды. Бұл баланың денсаулығына да әсер ететін үлкен мәселе болып отыр.

Тағы бір мәселе - ұлттық бірыңғай тестілеуге қала, аудан мектептері түлектерінің толық қатыспауы. Неге, не себептен ҰБТ-ға қала, аудан мектептірінің түлектері 100 пайыз қатыспайды?  Оған талдау жасалды ма? Көптеген мектеп түлектерінің ҰБТ-ға қатыспауы ҰБТ бойынша рейтингті  жоғарлатамыз деп жасалып жатқан жоқ па? Сондықтан ҰБТ қорытындысы бойынша  облыс, қала, аудан мектептерінің рейтингісі шығарылғанда мектеп түлектерінің ҰБТ-ға қатысу саны да ескерілуі керек деп ойлаймын.

Осыған байланысты Сізден:

1)  «Алтын белгіден» үміткер түлектердің 11 жыл бойы үздік оқығанын, облыстық, республикалық, халықаралық олимпиадаларға қатысқанын ескере отырып, ұлттық бірыңғай тестілеуде 1 балл жетпейтініне қарамастан «Алтын белгі» беру мәселесін қарастыруды;

2) Облыстарда, аудандарда ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысына сәйкес рейтинг жасалғанда қала, аудан мектептері түлектерінің ҰБТ-ға қатысу саны ескерілу мәселесін қарастыруды;

3) Шығыс Қазақстан облысы бойынша ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы туралы ақпаратты беруіңізді сұраймын.

ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394